“ЭКСПО-2017“ экс-басшысы Ермегияев 9 жыл жазасын өтеді: ол шартты түрде босатыла ма?

«Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының бұрынғы басшысы Талғат Ермегияев шартты түрде мерзімінен бұрын босату шартымен колониядан шығу құқығын пайдаланбады. Бұл туралы Жоғарғы сот мәлімдеді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

2025 жылғы наурыздағы жағдай бойынша Ермегияев мерзімінің 2/3 бөлігін өтеген, осылайша шартты түрде мерзімінен бұрын босатылуға құқылы болған. Алайда ол бұлай жасамады.

Осы уақытқа дейін Ермегияев сот тағайындаған 14 жыл ішінде 9 жыл жазасын өтеді.

Жоғарғы сот мәліметіне сүйенсек, Ермегияев шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтініш бермеген.

«Төрелік» автоматтандырылған ақпараттық-талдау жүйесінің мәліметтеріне сәйкес (2025 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша) сотталған Т.А. Ермегияев сотқа шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтініш білдірген жоқ», — деді Қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы хатшылығының меңгерушісі Ж.Мырзабаева.

Алматы облыстық соты мәліметінше де, Ермегияевтен жазаның өтелмеген бөлігін ауыстыру туралы өтініш түспеген.

ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті Ермегияев қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде сот тағайындаған жазасын өтеп жатқанын хабарлады.

Алайда ҚАЖК сотталған экс-шендіге мінездеме беруден, ол қалай көтермеленгені және денсаулығы туралы сауалдарға жауап беруден бас тартқан.

«Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының бұрынғы басшысы, бұрынғы туризм және спорт министрі Талғат Ермегияев 2016 жылы аса ірі мөлшерде пара алғаны және аса ірі мөлшерде бөтеннің мүлкін иемденгені немесе ысырап еткені үшін сотталды. Сот оны қатаң режимдегі колонияда 14 жылға бас бостандығынан айырды. Оған қоса сотталушының барлық мүлкі тәркіленді.

Фото: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

Қазақ-қытай инвестициялық форумын жыл сайын өткізу ұсынылды 

Мемлекет басшысы Қазақ-қытай инвестициялық форумы екі елдің іскер топтары арасындағы тікелей байланыстарды күшейтетін тұрақты алаңға айналуға тиіс екенін айтты. 

Қазақстан Халық Кеңесі мүшелері қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына материалдық көмек көрсетеді 

Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері Каспий теңізінің жағалауында қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына 815 млн теңге көлемінде материалдық көмек көрсетеді.

Маңғыстау облысында қаза тапқан әскери қызметшілердің есімдері жарияланды 

Қорғаныс министрлігі бүгін Маңғыстау облысында әскери оқу-жаттығу кезінде қызметтік міндетін атқару барысында қаза тапқан әскери қызметшілердің толық тізімін жариялады.

25 қыркүйек Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды 

25 қыркүйек Қазақстан Республикасында Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.