ІІМ өкілі мопедті тіркеудің жаңа талаптарын айтты

Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха елде мопедті тіркеу туралы жаңа мәліметтерді айтты, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ішкі істер министрінің орынбасарының сөзінше, бүгінде елде ресми түрде 18 200 мопед тіркелген.

«Олардың жалпы саны қанша екенін ешкім нақты білмейді, әртүрлі мәлімет бар. Былтыр осы санаттағы 22 мың жүргізуші куәлігі берілді, биыл 2,5 мың берілді. Бірақ кейбіреулер мопедсіз де куәлік алуы мүмкін. Қанша мопед тіркелсе, соншасы жүреді. Қалғандары мопед тізгіндей алмайды», – деді Лепеха Мәжіліс дәлізінде.

ІІМ өкілі мопедті міндетті тіркеу мерзімі аяқталуына санаулы күндер қалғанын еске салып, олардың иелерін көлікті тезірек рәсімдеуге шақырды.

«Осы сәтті пайдалана отырып, айтарым: мерзімі аяқталуына өте аз уақыт қалды. Тіпті ХҚКО-лардан барлығы мопедін тіркеп үлгеруі үшін жұмыс уақытын ұзартуды сұрадық. Себебі кейін бұл адамдар заң бойынша жүре алмайды», – деді шенеунік.

Тіркелмеген мопедтердің иелеріне қандай шаралар қолданылады? Игорь Лепеханың айтуынша, олардың көліктері айып тұрағына қойылады.

«Мопед иесі барлық қажет құжатты рәсімдеген соң көлікті жүргізе алады», – деп түйіндеді ол.

Еске салайық, бұған дейін де ІІМ мопед иелеріне үн қатып, мопедтерді тіркеу қажет екенін ескертті.

Фото: Tengrinews.kz/ Әлихан Сәриев

Қазақ-қытай инвестициялық форумын жыл сайын өткізу ұсынылды 

Мемлекет басшысы Қазақ-қытай инвестициялық форумы екі елдің іскер топтары арасындағы тікелей байланыстарды күшейтетін тұрақты алаңға айналуға тиіс екенін айтты. 

Қазақстан Халық Кеңесі мүшелері қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына материалдық көмек көрсетеді 

Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері Каспий теңізінің жағалауында қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына 815 млн теңге көлемінде материалдық көмек көрсетеді.

Маңғыстау облысында қаза тапқан әскери қызметшілердің есімдері жарияланды 

Қорғаныс министрлігі бүгін Маңғыстау облысында әскери оқу-жаттығу кезінде қызметтік міндетін атқару барысында қаза тапқан әскери қызметшілердің толық тізімін жариялады.

25 қыркүйек Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды 

25 қыркүйек Қазақстан Республикасында Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.