ЛЕГИОНЕРЛЕР ҮМІТТІ АҚТАҒАН ЖОҚ

Еліміздегі жоғары жетістіктер сапындағы ұлттық құрамаларға легионерлерді тартуға шек қойылмақ. Бүгінгі таңда Қазақстанда 14 футбол командасында легионерлер бар екен. Яғни, командаларда барлығы 325 ойыншы болса, оның 149-ы шетелдерден шақыртылған футболшылар.

Енді оларды шақыртып, бюджет және квазимемлекеттік секторлар арқылы жалақы төлеуге шек қойылады. Өйткені, легионерлердің 20 жылдан бері ұлттық құрамаларда ойнауы ойдағыдай нәтиже беріп жатқан жоқ. Сондықтан қазіргі таңда отандық спортшыларды қолдап, көбейтуге басымдық беріле бастады. Шеттен келген ойыншылардан үнемделген қаражат балалар спортын дамытуға жұмсалады. Бүгінде 8 аймақта салынатын әлемдік стандартқа сай стадион құрылысы жоспарланып жатыр. Оның біріншісі Қызылорда облысында бой көтереді. 30 мың орындық стадион жергілікті қаражатпен салынады. Бұл жөнінде өткен бейсенбіде Сенаттың жалпы отырысында Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев мәлімдеді. Дәстүрлі жиында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дене шынықтыру және спорт, сондай-ақ артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» дайындалған заң бірден екі оқылымда қаралып, мақұлданған болатын. Жаңа құжат депутаттардың бастамашылығымен әзірленіпті. Оны отырыста сенатор Әсем Рахметова қорғады. Соңғы уақыттарда ұлттық құрамалардың сәтсіздіктері қоғам тарапынан жиі сынға ұшырап келеді. Оның негізгі себебі спортты қаржыландыру жүйесінің ескіргендігі, спортшыларды іріктеудің дұрыс жүргізілмейтіндігі, спорттық медицинаның кенжелеп дамымай қалуы, жергілікті жерлердегі спорт мектептері мен ұйымдардың, ұлттық федерациялар мен олимпиада комитетінің арасындағы өзара жүйелі байланыстың болмауы жайлы биік мінберлерден аз айтылған жоқ. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дене шынықтыру және спорт, сондай-ақ артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң осы бағыттағы реформаларды қамтыпты. Жаңа құжат бойынша 2 кодекске, 5 заңға түзетулер енгізіліп отыр. Олар басым спорт түрлерін рейтинг негізінде емес, Олимпиада, Паралимпиада, Сурдлимпиа, Азия және Пара Азия ойындарында ұлттық құрама командалардың өнер көрсету нәтижелері бойынша қалыптастыру, республикалық және өңірлік спорт федерацияларын ұлттық спорт федерацияларына өзгерту, жоғары жетістіктер спортына жататын басым спорт түрлерін бірінші кезектегі тәртіппен қаржыландыруды жүзеге асыру, спорттық ойын түрлері бойынша кәсіби спорт клубтарын ұстауға лимиттер белгілеуді көздейді. Сонымен қатар Қазақстан азаматтары болып табылмайтын спортшыларды бюджет қаражаты есебінен қаржыландыруға тыйым салу, спорт федерацияларын аккредиттеуге қатысты талаптар белгілеу, аккредиттелген спорт федерацияларына діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу жөнінде шаралар қабылдау міндетін белгілеу, бірыңғай оператордың қаржысына спорттық инфрақұрылым объектілерін салуға мүмкіндік беру де осы құжат аясында жүзеге аспақ. Сол секілді уәкілетті орган республикалық мемлекеттік дене шынықтыру-спорт ұйымдарының бірінші басшыларын, жергілікті атқарушы органдар жергілікті мемлекеттік дене шынықтыру спорт ұйымдарының бірінші басшыларын ротациялауды іске асыру, спорттық іс-шараларға және халықаралық спорттық жарыстарға жіберу кезінде бірінші топтағы мүгедектігі бар спортшыны алып жүретін адамның шығындарын өтеу жөніндегі заңнамалық талап белгіленді. Бұдан басқа, спорттық медицинаны дамытуға бағытталған нормалар көзделген. Спортшылардың мамандандырылған медициналық көмегін қамтамасыз ету, сондай-ақ спорттық медицина және оңалту саласында заманауи технологияларды енгізу мақсатында ұлттық спорттық медицина және оңалту ұйымын мемлекеттік кәсіпорын нысанында құру ұсынылды. Заң жобасы аясында спортшылар мен жаттықтырушыларға Мемлекеттік әлеуметтік қолдау көрсету тәртібіне де өзгерістер енгізілді. Бұл ретте Қазақстан азаматы болып табылатын және еліміз аумағында дене шынықтыру және спорт саласында кемінде жиырма жыл еңбек өтілі бар, Олимпиада, Паралимпиада, Сурдлимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлері және олимпиадалық спорт түрлері бойынша Әлем чемпиондары атақтарын жеңіп алған спортшылар ескерілді. Заңмен спорттық инфрақұрылымды дамытуға, спорттық кадрларды даярлауға, спорттық федерациялардың рөлін күшейту және оларды басқару жүйесін реформалауға, спорттық ғылым мен технологияларды дамытуға қатысты бірқатар түзетулер көзделген. Ең маңыздысы халықаралық тәжірибенің негізінде, олимпиадалық спорт түрлерінің тізімі қысқарып, басым спорт түрлерін дамыту қолға алынатын болады. Заң жобасын талқылау барысында Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев «Соңғы жылдарда елімізде спорт саласын дамытуға баса мән беріліп келеді. Президентіміз Ұлттық құрылтайдың IV отырысында спортты дамыту мәселесіне ерекше көңіл бөлді. Бүгін қаралған заң – спорт саласын басқаруды жетілдіру бағытында іске асырылып жатқан маңызды қадамдардың бірі. Заңда спорт саласына бөлінетін бюджет қаражатын тиімді пайдалануды қамтамасыз ететін ережелер қамтылды. Ұлттық спорт түрлері басым спорт түрлерінің қатарына қосылды. Спортшылар мен бапкерлерге мемлекеттік әлеуметтік қолдау көрсету тәртібін жетілдіруге арналған жекелеген түзетулер де енгізілді. Мақұлданған заң салауатты өмір салтын насихаттауға, азаматтарды, әсіресе, балаларды спортқа баулуға және жоғары спорттық жетістіктерге қол жеткізуге оң септігін тигізеді деп сенеміз», – деді.

А.ТҰРМАҒАНБЕТОВА, «Заң газеті»

Грантқа құжат қабылдау басталды: Шекті баллдар қандай? 

Қабылдау науқаны аясында ауыл жастары мен әлеуметтік осал топтарға арналған мемлекеттік квоталар қарастырылған.

Қазақстанда жан басына шаққандағы орташа табыс 252 мың теңгеден асты 

Министрлік мұндай нәтижеге инфляцияның біртіндеп баяулауы ықпал еткенін атап өтті.

Қазақстанда алғаш рет «Құрметті донор» төсбелгісі тағайындалды 

Алғашқы болып бұл марапатқа бекітілген талаптарға толық сәйкес келетін 481 тұрақты донор ие болады.

Из плоскости кулуарных домыслов в строго правовое русло

КОНСТИТУЦИОННЫЙ СУД РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН ПОСТАВИЛ ТОЧКУ В ВОПРОСЕ ПРИМЕНЕНИЯ ОТДЕЛЬНЫХ НОРМ НОВОЙ КОНСТИТУЦИИ К ЛИЦАМ, ЗАНИМАВШИМ ВЫСШИЕ ГОСУДАРСТВЕННЫЕ ДОЛЖНОСТИ ДО КОНСТИТУЦИОННОЙ РЕФОРМЫ. ОФИЦИАЛЬНОЕ ТОЛКОВАНИЕ ОПРЕДЕЛИЛО, КАК БУДУТ ПРИМЕНЯТЬСЯ ОГРАНИЧЕНИЯ ПРИ ИХ ПОВТОРНОМ ИЗБРАНИИ ИЛИ НАЗНАЧЕНИИ ПОСЛЕ ВСТУПЛЕНИЯ В СИЛУ ОСНОВНОГО ЗАКОНА 2026 ГОДА.