Елімізде банк картасын шығаруға шектеу енгізіледі

Қазақстанда банк карталарын шығару ережелеріне өзгерістер енгізіледі. Қаулы жобасын Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі жариялады, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Құжатқа сәйкес 18 бен 21 жас аралығындағы қазақстандықтарға картаны онлайн шығаруға немесе қайта шығаруға тыйым салынбақ. Олар жаңа карта алу үшін енді банк бөлімшесіне баруы керек.

Сонымен қатар, банктерге 21 жасқа дейінгілермен қашықтан іскерлік қарым-қатынас орнатуға тыйым салынуы мүмкін.

Тағы бір жаңалық 14 пен 18 жас аралығындағы қазақстандықтарға қатысты. Олар интернетте банк қызметін пайдаланса, олардың мұндай операциясын ата-анасы немесе басқа заңды өкілі міндетті түрде растауға тиіс.

Жоба авторларының сөзінше, клиенттерді алаяқтықтан қорғау үшін мұндай шаралар әсте қажет.

Сондай ақ, банктер мынадай клиенттерді бақылауы керек:

  • бес және одан да көп картаның иелері (бір немесе бірнеше банктен алынған);
  • 14-25 жас аралығындағы ресми табысы жоқ азаматтар, оларға туыстарынан емес, басқа тұлғалардан ірі сомада ақша түссе, олар үшінші тұлғалардың атына жиі аударымдар жасаса; т.с.с.

Астана мен Алматыда Жеңіс күніне орай ардагерлер қанша теңгеден алды?

2026 жылы Астана және Алматы әкімдіктері Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне 9 мамырға орай берілетін төлемдер бөлді.

Қазақстанда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды 

Соңғы төрт жыл ішінде Қазақстанда бұрын пайдаланылмаған немесе заң бұзушылықтармен берілген 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды.

1 шілдеден кейін несие алу қиындайды: Жаңа талаптар халыққа қалай әсер етпек 

Ұлттық банк қарыз беру жүйесіне жаңа макроэкономикалық құрал – қарыздың табысқа қатынасы коэффициентін енгізуді жоспарлап отыр.

Новый алгоритм защиты детей 

В КАЗАХСТАНЕ ВВЕДЕН МЕЖВЕДОМСТВЕННЫЙ АЛГОРИТМ ПО БОРЬБЕ С БУЛЛИНГОМ, НАСИЛИЕМ И ЖЕСТОКИМ ОБРАЩЕНИЕМ С ДЕТЬМИ.