spot_img
spot_img

Қазақстанда сән-салтанат салығы енгізіле ме?

Қазақстанда сән-салтанат салығына балама ойлап табылды. Мән-жайын вице-премьер — ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин айтты, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Өткен аптада ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмрин Қазақстанда кейбір тауар түрлеріне, айталық қымбат алкоголь, жылжымайтын мүлік, көлікке салықты көтеру жоспарлап отырғанын айтты.

«Кейбір нысандарға жеке, көтерме салық салынады. Мысалы қымбат алкогольге. Бізде бір бөтелкесі 5 миллион теңгеден асатын коньяк әкелініп жатады. Ал салынатын салық — бір бөтелкеге шамамен 470 теңге. Енді оған тауар құнының 10 пайызын қостық, яғни қосымша акциз болады. Егер көліктің құны 100 мың доллардан асса, елге әкелу кезінде кедендік құнның 10 пайызы мөлшерінде қосымша салық салынады», — деді Әмрин Сенат дәлізінде.

Бүгін журналистер Серік Жұманғариннен неліктен Қазақстанда бұған дейін жоспарланған сән-салтанат салығы енгізілмейтінін сұрады.

«Ол үшін сән-салтанат деген не екенін дұрыстап анықтау керек. Барлық жылжымайтын мүлкіңнің жалпы сомасы 450 миллионнан асса, қателеспесем, базалық мөлшерлеме жылына 3 миллион болады, сонымен қатар, құнынан асырғаны үшін тағы 2 пайыз бар. Көлігіңіз 75 миллионнан қымбат болса, қымбат алкогольге, қымбат темекіге жоғары мөлшерлеме төлейсіз. Сіздің ойыңызша, тағы не сән-салтанатқа жатады? Тіпті білмеймін», — деді Серік Жұманғарин Ақорда дәлізінде.

Жұманғарин сән-салтанат салығын енгізу үшін шатастырмау мақсатында сән-салтанат деген не екенін нақтылау керек екенін жеткізді.

«Нақты түсінік болмаса, жазықсыз адамдар зардап шегуі мүмкін. Яғни мұндайға жатпайтын адамдарға салық салынуы мүмкін», — деді вице-премьер.

Айта кетейік, Қазақстанда сән-салтанат салығын енгізу идеясы бірнеше жылдан бері талқыланып келе жатыр. 2022 жылғы қыркүйекте Қазақстан халқына жолдауында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде сән-салтанат салығын енгізуді қарастыру маңызды екенін мәлімдеді.

Мектеп оқушысы қалай тамақтанғаны дұрыс

Мектеп жасындағы балалар үшін дұрыс тамақтану – денсаулық пен табыстың маңызды кепілі екені белгілі. Өсіп-жетілу кезеңінде ағзаға жеткілікті және пайдалы қорек қажет.

Зейнетақы қалай есептеледі?

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры өз қызметін Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі негізінде жүзеге асырады. Кодекстің ережелеріне сәйкес, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдерін зейнет жасына жеткен азаматтар алады.

10 қарашаға арналған ауа райы

"Қазгидромет" 10 қарашаға арналған ауа райының жалпы болжамын жариялады.

Алматыдағы тәрбиеленушілер өрттен кейін санаторийге орналастырылды

Алматыдағы "Перзент" балалар үйінде шыққан өрт кезінде мекемеде болған 35 тәрбиеленуші мен қызметкерлер уақытша сауықтыру санаторийіне орналастырылды.

Многоженство: традиция или стереотип? 

В КАЗАХСТАНЕ ВНОВЬ ВСПЫХНУЛИ ПУБЛИЧНЫЕ ДЕБАТЫ О ЛЕГАЛИЗАЦИИ МНОГОЖЕНСТВА...