Шығармашылық индустрия – руханият көкжиегі 

Әдеби конкурстар жазушылар мен ақындардың еңбегін бағалауға, олардың шығармашылық потенциалын көтеруге мүмкіндік туғызады. Бұл мемлекет пен қоғамның әдебиет пен мәдениетке деген назарын арттырып, ұлттық рухани құндылықтарды насихаттауға үлкен үлес қосуда.

Қаламгерлерге арналған осындай қолдаулар шығармашылықты ынталандырып, олардың өздерінің жұмыстарын әрі қарай жетілдіруге, ұлттық әдебиет пен мәдениетті дамытуға мүмкіндік береді. Атап айтқанда, былтыр Қазақстан Жазушылар одағы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігімен бірлесіп ауқымды стратегиялық жобаны іске асырды. «Жазушылардың әдеби шеберлік мектебі», «Жаңа Қазақстанның әдеби-танымдық панорамасы» және «ТМД елдері архивтеріндегі қазақстандық жазушылардың зерттеу жұмыстары» атты үш маңызды бағытта жұмыс істеді. Нәтижесінде жыл соңына дейін қазақ әдебиетіне 20 жаңа туынды қосылып, ТМД елдері архивтеріндегі қазақтың әдебиеті мен мәдениетіне қатысты құнды дүниелерді алып келіп, кітап етіп шығарды. Ал шығармашыл жастарымыздың талабын қолдау мақсатында жасалған «Жазушылардың әдеби шеберлік мектебінде» әр облыстардан келген талантты жас ақын-жазушылар Дулат Исабеков, Жүсіпбек Қорғасбек, Жанғара Дәдебаев сынды көрнекті жазушылар мен сыншылардан сабақ оқыды. Осы жобаның аясында жақында Мәдениет және ақпарат министрлігінде «Қазақстанның әдеби панорамасы» жобасымен жарық көрген 20 жас қаламгердің кітаптарының тұсаукесері өтті. Сондай-ақ, жас жазушылар мен ақындар үшін Президенттің арнаулы әдеби сыйлығы «Проза», «Поэзия», «Драматургия», «Балалар әдебиеті» номинациясы бойынша тапсырылды. Жиында ҚР Мәдениет және ақпарат министрі А.Балаева халқымыздың негізгі құндылықтарын насихаттау – ақын-жазушыларға жүктелер ауыр да мәртебелі міндет екенін атап өтті. Басқосуда бүгінгі әдеби тенденциялар мен өзекті мәселелер талқыланып, түрлі ұсыныс-пікірлер көтерілді. 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялауына орай, еңбек мамандықтарының маңызын ашу мақсатында «Ерлік пен еңбек дастаны» байқауы өткізілетін болды. Сонымен қатар, жылда «Айбоз» ұлттық әдеби сыйлығы 7 номинация бойынша беріліп келеді. Бұдан өзге қаламгерлерді өңірлер деп қолдап, жыл сайын Ақтөбе облысы әкімдігі мен Қазақстан Жазушылар одағы бірлесе отырып, талантты қаламгерлерді қолдап «Әдебиет. Рух. Қоғам» халықаралық әдеби байқауын өткізіп, қазақ әдебиетінде көрнекті із қалдырған, айтулы тұлғалардың атын ұлықтау мақсатында 10 сыйлық (проза, поэзия, көркем аударма, драматургия, сатира, балаларға арналған шығармалар) беріледі. Қаламгерлерге ғана емес өнер қайраткерлеріне арналған конкурстар да өтіп жатады. Соның ішінде Театр мен кино саласына да ерекше назар аударылуда. Қазақстанда жаңа фильмдер түсіріліп, театрлар жаңа қойылымдар қойып, өнер сүйер қауымға жаңа мүмкіндіктер ұсынуда. Соңғы шығып жатқан «Жеті гүл», «Молда», «Болмаған балалық шақ» фильмдері көрерменнің көзайымына айналып, жастар тәрбиесі, адамдар арасындағы мейірім, үлкенді құрметтеу, кішіге қамқорлық жасау, бір-біріне құрметпен қарау сияқты адамгершілік құндылықтар туралы айтылып, оқушылар мен студенттер, жастар арасында кино арқылы насихатталып жатқандай.

Қайырниса ЖҰМАШЕВА, Ұлттық кітапхана қызметкері АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ

Алименты – законное право ребенка

Вопрос о взыскании алиментов (алиментных отношений членов семьи (алиментных...

Қазақстан ұлттық құрамалары алғаш рет толық спорттық киім жиынтығымен қамтылып жатыр

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі ұлттық құрамаларды спорт...

Кассациялық соттың құрылуы

Кассациялық сатыдағы сот шешімдерінің заң тәжірибесі мен сот практикасын...

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – әділ қоғам кепілі

Сыбайлас жемқорлық – қоғамның дамуына кедергі келтіретін, азаматтардың мемлекетке...