Сот актлерінің орындалуы міндет

Заңы үстем тұратын қоғамда ғана әділдік салтанат құрады. Әкімшілік-рәсімдік процестік кодекстің 18-бабының 3-бөлігіне сай, заңды күшіне енген сот актілерін, соттар мен судьялардың сот төрелігін іске асыру кезіндегі өкімдерін, сондай-ақ, талаптарын, тапсырма, шақыруларын, сұрау салуларын, басқа да жолданымдарын барлық мемлекеттік және жергілікті өзін-өзі басқару органдары, заңды немесе жеке тұлғалар, лауазымды адамдар республиканың барлық аумағында көрсетілген мерзімде орындауға міндетті. Айтып өтерлігі, Конституциялық Сот конституциялық емес деп таныған заңға немесе өзге де нормативтік құқықтық актіге негізделген сот актілері ғана орындалуға жатпайды.

Жалпы алғанда заң талаптарының сақталуы халықтың құқықтық біліміне тікелей байланысты. Осы себепті, заң талаптарының маңызы, сот актілерінің рөлі, оларды орындамаған жағдайда көзделген жауапкершілік туралы түсіндіру шараларын ұдайы жүргізу қоғамда құқықтық мәдениеттің қалыптасуына негіз болады. Мысалы, сот актілерін, сол сияқты сот талаптарын орындамау Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексте көзделген процестік мәжбүрлеу шараларын қолдануға және өзге де жауаптылыққа алып келеді. Осы кодекстің 171-бабымен айқындалғандай, заңды күшіне енген сот шешімі үш жұмыс күні ішінде жауапкерге жіберіледі. Ал жауапкер оны бір айда орындап, сотқа хабарлауы тиіс. Егер жауапкер сот шешімін өз еркімен орындамаса, оған ақшалай өндіріп алу шарасы қолданылады. Ақшалай өндіріп алу нормалары аталған кодекстің 127-бабында белгіленген. Соған орай, тоқталсақ, ақшалай өндіріп алу жеке және заңды тұлғаға, лауазымды адамға, не оның өкіліне он айлық есептік көрсеткіштен бастап жүз АЕК-ке дейінгі мөлшерде салынады. Соттың ақшалай өндіріп алуды қолдану туралы ұйғарымының көшірмесі ақшалай өндіріп алу қолданылатын адамға беріледі. Бұл шараны қолдану мәселесі сот отырысында қаралып шешіледі және оның өтетіні туралы жауапкерге алдын ала хабарланады. Жауапкер соттың шешімі мен өзге де талаптарын бір ескертуде орындамаса, он АЕК-ке ұлғайтылған мөлшерде қайтадан ақшалай өндіріп алу қолданылады. Жауапкерді ақша сомасын төлеуге міндеттейтін, ерікті түрде орындалмаған соттың шешімі атқару парағының негізінде мәжбүрлі түрде орындалады, ол талап қоюшының арызы бойынша жазып беріледі. Әкімшілік процеске қатысушыдан өтінішхат түссе, соның негізінде дереу орындауға жіберілген сот актісінің орындалуын сот кез келген уақытта тоқтата алады. Бұл тұрғыда тез арада орындауға жіберілген сот актілерінің күші жоғары тұрған сатының сот актісімен жойылып, өзгертілсе орындауға жатпайды. Әкімшілік әділет институтының құқықтық мемлекет идеясына сәйкес, мемлекеттік, жергілікті органдар мен азаматтар арасындағы қатынастарда заң үстемдігін қамтамасыз етуде маңызы зор.

Бахыт САТИЕВА, Алматы қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының судьясы

Жаңа Конституция

Конституция – кез келген тәуелсіз мемлекеттің ең басты, ең...

Мемлекеттік тіл және құқықтық мемлекет қағидаты

Мемлекеттік тіл – мемлекеттің егемендігі мен ұлттық бірегейлігінің маңызды...

Қазақстан Республикасындағы сот билігінің конституциялық мәртебесі

Қазақстан Республикасында сот билігі – мемлекеттік биліктің дербес тармағы...

Сотқа деген сенімді арттыру тетіктері

Құқықтық мемлекетте сот билігінің беделі мен оған деген қоғамдық...

Этика судей

Особенность этики судьи в том, что она обязательна к...