Таиландтағы жер сілкінісі: қазір онда қанша қазақстандық бар?

Таиландта қанша қазақстандық турист бар екені белгілі болды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазіргі уақытта Таиландта шамамен 4,5 мың қазақстандық турист бар, олар ұйымдастырылған турлар арқылы барған. Бұл туралы «Туристік Қамқор» қорының өкілдері мәлімдеді. Ұйымның мәліметінше, Бангкокта қазақстандық туристер жоқ.

«Қолымыздағы ақпарат бойынша, Бангкокта біздің туристеріміз жоқ. Қазіргі уақытта жалпы алғанда шамамен 4,5 мың қазақстандық Таиландта демалып жатыр. Олар туроператорлардың бақылауында, сондықтан бұл мәселеге алаңдаудың қажеті жоқ», – деп хабарлады қордың өкілі.

Сонымен қатар, жергілікті гидтер туристерге қауіпсіздік шаралары туралы нұсқаулықтар беріп, қажет болған жағдайда қолдау көрсетуге дайын.

«Олардың жанында тайлық гидтер бар, олар туристерге сақтық шараларын түсіндіреді. Егер қандай да бір жағдай туындаса, олар бізге немесе туроператорларға жүгінеді», – деп атап өтті ұйым.

Жағдайдың күрделенгеніне қарамастан, туристерден көмек сұраған немесе турларын ауыстыруға өтініш білдірген ешкім жоқ.

«Қазіргі уақытта бізге туристерден ешқандай көмек сұрау туралы өтініш түскен жоқ. Сондай-ақ, турлардың күшін жою немесе мерзімін өзгертуге қатысты да сұраныстар болған жоқ. Егер жағдай қауіп төндіретіндей деңгейге жетсе, туроператорлар өздері рейстерді тоқтатып, билеттер сатылымын шектейді», – деп мәлімдеді қор өкілдері.

Туроператорлар Таиландтағы жағдайды жіті бақылап, туристерге қажетті ақпарат пен қолдау көрсетіп жатыр.

«Таиландтағы жағдайды қазақстандық туроператорлар мұқият қадағалап отыр. Олар туристік аймақтардағы жағдайды бақылай отырып, қажетті ақпаратты уақтылы жеткізіп, барлық шараларды қолға алып отыр», – деп қосты ұйым өкілдері.

Қазақ-қытай инвестициялық форумын жыл сайын өткізу ұсынылды 

Мемлекет басшысы Қазақ-қытай инвестициялық форумы екі елдің іскер топтары арасындағы тікелей байланыстарды күшейтетін тұрақты алаңға айналуға тиіс екенін айтты. 

Қазақстан Халық Кеңесі мүшелері қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына материалдық көмек көрсетеді 

Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері Каспий теңізінің жағалауында қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына 815 млн теңге көлемінде материалдық көмек көрсетеді.

Маңғыстау облысында қаза тапқан әскери қызметшілердің есімдері жарияланды 

Қорғаныс министрлігі бүгін Маңғыстау облысында әскери оқу-жаттығу кезінде қызметтік міндетін атқару барысында қаза тапқан әскери қызметшілердің толық тізімін жариялады.

25 қыркүйек Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды 

25 қыркүйек Қазақстан Республикасында Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.