Қазақстанда жол-көлік оқиғалары көбейген

Қазақстанның бірнеше өңірінде жасөспірімдер арасындағы қылмыс, сонымен қатар, жол апаты көбейген. Бұл туралы Бас прокурор Берік Асылов мәлімдеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Ақтөбе, Атырау, Павлодар және басқа да өңірлерде жасөспірімдер қылмысы көбейіп отыр. Профилактикалық шараларды күшейтуді, антибуллинг бағдарламаларының тиімділігін зерделеуді тапсырдым», — деді ол.

Сонымен қатар, Берік Асылов қоғамдық орындардағы қауіпсіздікке, жол апаты көбейгеніне ерекше назар аударды.

«Қауіпті учаскелерді бейнекамералармен және жарықпен жабдықтап, патрульдеуді күшейту қажет. Жол апаты күрт өсуі де алаңдатады: бір жылда +67%, жарақат алғандар +79%. Атырау, Қостанай, Ақтөбе, Жетісу облыстарында жағдай күрделі. Апаттардың 72%-ы тасжолдарда. Жүргізушілердің еңбек тәртібін бақылау, бала тасымалдау ережелері сақталуын қамтамасыз ету тапсырылды», — деді Бас прокурор.

Қазақстандықтар қаржысын қаншалықты сауатты басқарады? 

Ұлттық Банктің 2025 жылғы қорытындылары бойынша келтірген дерегіне сәйкес, қаржылық сауаттылықтың жиынтық индексі 42 пайызды құрады.

Жаңа Қорғаныс министрі тағайындалды 

Елімізде жаңа Қорғаныс министрі тағайындалды.

Мемлекет басшысы Әскери реформа жоспарын әзірлеуді тапсырды 

Президент – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қорғаныс ведомствосының басшылық құрамымен кеңес өткізді. Мемлекет басшысы ұжымға жаңа Қорғаныс министрін таныстырды.

Қазақ-қытай инвестициялық форумын жыл сайын өткізу ұсынылды 

Мемлекет басшысы Қазақ-қытай инвестициялық форумы екі елдің іскер топтары арасындағы тікелей байланыстарды күшейтетін тұрақты алаңға айналуға тиіс екенін айтты. 

Қазақстан Халық Кеңесі мүшелері қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына материалдық көмек көрсетеді 

Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері Каспий теңізінің жағалауында қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына 815 млн теңге көлемінде материалдық көмек көрсетеді.