Мьянмадағы жер сілкінісі кезінде қаза тапқандар саны күрт өсті — БАҚ

Мьянмада 28 наурызда болған жер сілкінісі 694 адамның өмірін қиды, 1670 адам зардап шекті, 68-і хабар-ошарсыз кетті. Бұл туралы AFP жазды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ал Қытайдың Орталық телеарнасы мәліметінше, Мьянмадағы жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 1002-ге дейін өсті, тағы 2376 адам зардап шекті.

Кеше Мьянмадағы жер сілкінісінің көптеген афтершогы тіркелді. Ел билігі алты аймақта төтенше жағдай жариялады.

Айта кетейік, 7,7 балдық жер сілкінісі 28 наурызда жергілікті уақыт бойынша 12:50-де (Астана уақыты бойынша 11:20-да) елдің орталық бөлігінде тіркелді. Эпицентрі Мандалайдан шамамен 17 шақырым жерде орналасқан, бұл — 1,5 миллион тұрғыны бар елдің екінші үлкен қаласы.

Жер асты дүмпуі Таиландта, Бангладеште, Лаоста, Қытайда және Үндістанда сезілді. Таиландта шамамен 10 адам қаза тауып, 16 адам зардап шекті және 100-ден аса адам хабар-ошарсыз кетті.

Фото: ©️ Myanmar Red Cross

Астана мен Алматыда Жеңіс күніне орай ардагерлер қанша теңгеден алды?

2026 жылы Астана және Алматы әкімдіктері Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне 9 мамырға орай берілетін төлемдер бөлді.

Қазақстанда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды 

Соңғы төрт жыл ішінде Қазақстанда бұрын пайдаланылмаған немесе заң бұзушылықтармен берілген 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды.

1 шілдеден кейін несие алу қиындайды: Жаңа талаптар халыққа қалай әсер етпек 

Ұлттық банк қарыз беру жүйесіне жаңа макроэкономикалық құрал – қарыздың табысқа қатынасы коэффициентін енгізуді жоспарлап отыр.

Новый алгоритм защиты детей 

В КАЗАХСТАНЕ ВВЕДЕН МЕЖВЕДОМСТВЕННЫЙ АЛГОРИТМ ПО БОРЬБЕ С БУЛЛИНГОМ, НАСИЛИЕМ И ЖЕСТОКИМ ОБРАЩЕНИЕМ С ДЕТЬМИ.