Жыл басынан бері қанша адам және не үшін рейстен түсірілді?

Жыл басынан бері түрлі әкімшілік құқықбұзушылықтар жасаған 142 жолаушы әуе рейстерінен түсірілді, — деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Ең жиі кездесетін құқықбұзушылықтар арасында ішімдік ішу және қоғамдық орындарға мас күйінде келу (83 дерек), ұшақта темекі шегу (40 дерек), ұсақ бұзақылық (12 дерек) және т.б. бар.

Соңғы оқиғалардың бірі Ақтөбе қаласының 24 жастағы тұрғынына қатысты болған.

«Алматы — Ақтөбе рейсі ұшып келгеннен кейін Ақтөбе қаласы әуежайындағы желілік полиция бөлімшесінің қызметкерлері ұшақтың дәретханасында электрон темекі шеккен әйелді ұстады. Құқық бұзушыға әуе кемесінің бортында темекі тұтыну дерегі бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, 50 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды», — деп жазылған хабарламада.

Көліктегі полиция департаменті ұшақта темекі шегу қауіпті екенін ескертті. Темекінің ұшқыны тез тұтанатын материалдарды өртеп жіберуі мүмкін, ал түтіні жолаушылар мен экипаж мүшелерінің денсаулығына зиян келтіреді.

Қазақ-қытай инвестициялық форумын жыл сайын өткізу ұсынылды 

Мемлекет басшысы Қазақ-қытай инвестициялық форумы екі елдің іскер топтары арасындағы тікелей байланыстарды күшейтетін тұрақты алаңға айналуға тиіс екенін айтты. 

Қазақстан Халық Кеңесі мүшелері қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына материалдық көмек көрсетеді 

Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері Каспий теңізінің жағалауында қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына 815 млн теңге көлемінде материалдық көмек көрсетеді.

Маңғыстау облысында қаза тапқан әскери қызметшілердің есімдері жарияланды 

Қорғаныс министрлігі бүгін Маңғыстау облысында әскери оқу-жаттығу кезінде қызметтік міндетін атқару барысында қаза тапқан әскери қызметшілердің толық тізімін жариялады.

25 қыркүйек Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды 

25 қыркүйек Қазақстан Республикасында Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.