ҚазҰУ студенттері «Қолжетімді таза энергияға көшу»мәселесін талқылады

      Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті заң факультеті Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы,конституциялық және әкімшілік құқық студенттері тұрақты даму мақсаттарының (ТДМ) бірі – №7 мақсат: «Қолжетімді және таза энергия» тақырыбында пікірталас өткізді. Бұл шара университет қабырғасында экологиялық сана қалыптастыру, жас ғалымдар мен белсенді жастарды тұрақты даму мәселелеріне тарту мақсатында ұйымдастырылды.Біріккен Ұлттар Ұйымы қабылдаған Тұрақты даму мақсаттарының (ТДМ) жетіншісі – барлық адамдар үшін сенімді, тұрақты және заманауи энергия көздеріне қолжетімділікті қамтамасыз етуге бағытталған. Қазіргі таңда әлем халқының едәуір бөлігі электр қуатына толық қол жеткізе алмай отыр, ал климаттың өзгеруі жаңартылатын энергия көздеріне көшуді қажет етеді.Пікірталас барысында студенттер экологиялық таза энергия көздерінің дамуы, Қазақстандағы жасыл энергетика жобалары, энергия үнемдеу технологиялары және көміртек ізін азайту жолдары туралы ой қозғады. 

        ҚазҰУ тұрақты даму қағидаларын насихаттау және экологиялық мәдениетті арттыру бағытында бірқатар жобаларды жүзеге асыруда. Университет қабырғасында “Жасыл кампус” бағдарламасы жүзеге асырылып, студенттер экологиялық акциялар мен ғылыми жобаларға белсенді түрде атсалысуда. Таза энергияға көшу экономиканың жаңа салаларының дамуына, жаңа жұмыс орындарының ашылуына және жергілікті өндірістің дамуына мүмкіндік береді. Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану ұзақ мерзімді перспективада энергия тәуелділігін азайтып, энергия бағасын тұрақтандырады. Студенттер сондай-ақ, осы өзгерістердің әлеуметтік артықшылықтарын да талқылады. Таза энергия көздерін дамыту арқылы тұрғындардың денсаулығын сақтау, экологиялық ахуалды жақсарту және салауатты өмір салтын насихаттау мүмкіндіктері арта түседі. Сондай-ақ, бұл экономиканың жасыл технологияларға бет бұруы Қазақстанның халықаралық аренада экологиялық көшбасшы болуына мүмкіндік береді. Кафедрамыздың білім алушылары осы маңызды мәселе бойынша пікір алмасып, Қазақстандағы энергия саласындағы өзгерістер мен жаңартылатын энергия көздеріне көшу үдерісінің артықшылықтарын талқылады. Олар бұл бағытта Қазақстанның алдағы уақытта үлкен жетістіктерге жетуі үшін ғылыми зерттеулерді күшейту, инновациялық технологияларды дамыту және қоғамдық ақпараттандыру жұмыстарын жандандырудың маңызды екенін атап өтті.

        Кафедра студенттерінің ТДМ 7 мақсаты аясындағы пікірталасы энергетикалық тұрақтылық пен экологиялық жауапкершілік мәселелерін кеңінен талқылап, жастардың жасыл технологиялар мен экологияға деген қызығушылығын арттыруға септігін тигізді. Бұл бастама Қазақстанның экологиялық тұрақтылыққа көшу жолындағы маңызды қадамдарының бірі болып табылады.

Турсынкулова Д.А 

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасының доценті, з.ғ.к.

Жеткізу сәтсіз аяқталды: Алматы облысындағы колонияға тыйым салынған заттарды лақтыру әрекеті тоқтатылды

Алматы облысындағы №14 мекемеге тыйым салынған заттарды лақтыру әрекетінің...

«Кітап оқитын ұлт» ұлттық жобасын – қолдау»

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Кітап оқитын ұлт болуға...

В Алматы продолжается работа по поддержке детей в рамках проекта «Социальная мастерская»

В Алматы в рамках проекта «Социальная мастерская» продолжается системная...

Алматыда «Әлеуметтік шеберхана» жобасы аясында балаларға қолдау көрсету жұмыстары жалғасуда

Алматыда балалар үйлерінің тәрбиеленушілері мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға...

«ZEREN photo fest»: кәсіби фототілшілер ЕҰУ студенттеріне шеберлік сабағын өткізді

17–18 қазан күндері Зерендіде дәстүрлі «ZEREN photo fest» фотофестивалі...