Мәжіліс депутаты Қазақстанда ана мен бала өлімі жиілегенін мәлімдеді

Мәжіліс депутаты Нартай Сәрсенғалиев Қазақстанда ана мен бала өлімі жиілегенін мәлімдеді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Депутат ресми деректі келтірді:

  • 2019 жылы Қазақстанда 3360 сәби;
  • 2020 жылы 3286 сәби;
  • 2021 жылы 3732 сәби шетінеген.
  • 2022 жылы 3154 нәресте;
  • 2023 жылы 2998 сәби;
  • 2024 жылы 2598 сәби шетінеп кеткен.

«Ресми органдар сәби өлімі азайғанын алға тартады. Бірақ кейінгі жылдың өзінде 2 жарым мың бөпеден айырылып қалу көңіл көншітетін көрсеткіш емес. Сорақысы сол: ресми дерекке сүйенсек, 5 облыста сәби өлімі көбейген, олар: Абай, Ақтөбе, Алматы, Жетісу, Ұлытау облыстары», — депутат.

Нартай Аралбайұлының айтуынша, кейінгі 6 жылда Қазақстанда 563 әйел босану кезінде көз жұмған.

«Сорақысы сол — еліміздің 10 облысында ана өлімі көбейген. Ана өлімі ең көп облыстар: Жетісу, Қостанай, Ұлытау және Ақтөбе облыстары. Мұның бәрі — ресми мәлімет. 2024 жылдың қорытындысы бойынша көз жұмған аналардың 54%-ы қалада, 46%-ы ауылда тұратыны белгілі болды. Бір қорқынышты тенденция бар, 4 немесе одан да көп баласы бар әйелдер арасында өлім-жітім көбейген, салдарынан 97 бала тірі жетім болып қалды», — деді депутат.

Қазақ-қытай инвестициялық форумын жыл сайын өткізу ұсынылды 

Мемлекет басшысы Қазақ-қытай инвестициялық форумы екі елдің іскер топтары арасындағы тікелей байланыстарды күшейтетін тұрақты алаңға айналуға тиіс екенін айтты. 

Қазақстан Халық Кеңесі мүшелері қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына материалдық көмек көрсетеді 

Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері Каспий теңізінің жағалауында қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына 815 млн теңге көлемінде материалдық көмек көрсетеді.

Маңғыстау облысында қаза тапқан әскери қызметшілердің есімдері жарияланды 

Қорғаныс министрлігі бүгін Маңғыстау облысында әскери оқу-жаттығу кезінде қызметтік міндетін атқару барысында қаза тапқан әскери қызметшілердің толық тізімін жариялады.

25 қыркүйек Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды 

25 қыркүйек Қазақстан Республикасында Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.