ТАТУ ЕЛГЕ – ТЫНЫШТЫҚ ПЕН ТОҚШЫЛЫҚ НӘСІП

Ұлыстың Ұлы күні – Наурызды мерекелеу жылдан-жылға жанданып, жаңа заманмен бірге жаңа сипатқа ие болып барады. Осы аралықта мейрам елімізді мекендеген бүкіл халықтың, ұлт пен ұлыстың сағынып күтетін ортақ мерекесіне айналды.

Бұрын бұл мерекені ұлттық дәстүрді ұлықтаудың, ұлттық ойындар мен ұлттық тағамдарды жаңғыртудың, көпшілікпен бірге алаңдарда бас қосып, дәстүрлі өнер саңлақтарын тамашалаудың мүмкіндігі деп білетін едік. Ал қазір Наурыз мейрамы нағыз халықтық, ұлттық мереке ретіндегі орнын айшықтап келеді. 14 наурыздағы Амал мерекесінен бастау алатын айтулы мейрам қазақтың ұлттық мұралары мен мұраттарын түгендеуге толық жағдай жасап отыр. Бұрын тек еліміздің батыс өңірі ғана атап өтетін Амал мерекесінің соңғы жылдары еліміздің түкпір-түкпірінде үлкен қызығушылықпен тойланатыны байқалады. Көрісу, қауышу, өкпе-ренішті ұмытып, табысу деген терең мағынаны беретін бұл күн ел мен елді біріктіруді, ынтымақ пен бірлікті арттыруды көздейді. Бұдан бөлек, тазалық, шаңырақ, қайырымдылық күндерінің де айналаға жанашырлықпен қарап, барды бағалауға, еңбекті дәріптеуге үйретері хақ. Ал ұлттық киім күні көпшілік тарапынан ең көп қолдау тапқан айтулы күннің бірі. Бұл күні көшедегі қаймана халық тұрмақ, қызметтегі әріптестердің де бір кісідей ұлттық киіммен жүруі Наурыздың бейнесін биіктете түседі. Мысалы күні кеше ірі қалалардағы мектеп ұжымдары бір сәтте екі мың, үш мың баланың қатысуымен ұлттық киімдер шеруін өткізіп ерекшеленді. Дәл осы шара үлкендерді былай қойғанда, жас балалардың ұлттық болмыс-бітімімізге, киімімізге деген құрметі мен қызығушылығын арттырғаны ақиқат. Аталмыш күнді атап өтудің дәстүрге айналуы ұлттық киімдерге деген сұранысты өсірді. Осы сұраныстың арқасында отандық дизайнерлердің қолынан бір-біріне ұқсамайтын, керемет киім үлгілері туындауда. Ерекше киімдер жасауға деген ынта қазақтың тарихын, салт-дәстүрін, әшекейлері мен құндылықтарын зерделеуге деген ынтаны өсіргені анық. Осылайша Наурызды мерекелеудің жаңа тұжырымдамасын бекіту арқылы біз өткенімізді тірілтіп, өшкенімізді жандандырып отырғанымызды мойындауымыз керек. Ұлыстың ұлы күні құтты болсын! Ұлыс оң, ақ мол, тату елге тыныштық пен тоқшылық нәсіп болсын!

Руслан МӘЛІКҰЛЫ, Қазақ Ұлттық аграрлық зерттеу университетінің оқытушысы

Қазақстанда 5 мыңнан астам оқушы жұмыс істеп жүр

Министрдің айтуынша, елімізде еңбек қызметіне рұқсат етілген 14 пен 18 жас аралығындағы жасөспірімдердің саны 1,7 миллионға жетеді.

Елімізде көмірден газ бен дизель отыны өндірілмек 

Қазіргі уақытта елде көмір химиясы саласындағы үш ірі жоба жүзеге асырылуда.

Ұлттық қор, тегін тамақ және жазғы демалыс: Қазақстан балаларына қандай жағдай жасалған? 

Қазақстанда балалар саны 6,9 миллионнан асты. Мемлекет білім беру, әлеуметтік қолдау, қауіпсіздік және денсаулық сақтау бағыттарында жаңа бастамаларды іске асырып жатыр.

Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Балаларды қорғау күнімен құттықтады

Президент биыл «Қазақстан балалары» тұжырымдамасының іске асырыла бастағанын айтып, жас ұрпақты қолдау Әділетті әрі Озық Қазақстанды құру жолындағы негізгі басымдықтардың бірі болып қала беретінін жеткізді.