Елімізде Наурыз есімді 119 полицей бар

Қазақстанда Наурыз есімді 119 полицей қызмет етеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Балаға ат қою рәсімі қазақ мәдениетінде әрдайым маңызға ие. Адамның есімі оның тағдырымен, болашағымен тікелей байланысты деген ұғым да бар. Ат тарихи оқиғалар мен тұлғаларға ғана арналып қойылмайды. Ол табиғи құбылыстарға, ата-ананың тілек-сеніміне қарай таңдалуы мүмкін.

Наурыз есімді 119 полицейдің ішінде төртеуі — нәзік жандылар:

Наурызбай — 55

Наурызбек — 41

Наурыз — 12

Наурызгүл — 4

Наурызхан — 3

Наурызғали — 2

Наурызжан — 1

Бекнаурыз — 1.

«Бұл статистика Наурыз дәстүрлері мен мәдениетінің заманауи Қазақстанда нығайып келе жатқанын айқын көрсетеді», — жазылған хабарламада.

Қазақ-қытай инвестициялық форумын жыл сайын өткізу ұсынылды 

Мемлекет басшысы Қазақ-қытай инвестициялық форумы екі елдің іскер топтары арасындағы тікелей байланыстарды күшейтетін тұрақты алаңға айналуға тиіс екенін айтты. 

Қазақстан Халық Кеңесі мүшелері қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына материалдық көмек көрсетеді 

Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері Каспий теңізінің жағалауында қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына 815 млн теңге көлемінде материалдық көмек көрсетеді.

Маңғыстау облысында қаза тапқан әскери қызметшілердің есімдері жарияланды 

Қорғаныс министрлігі бүгін Маңғыстау облысында әскери оқу-жаттығу кезінде қызметтік міндетін атқару барысында қаза тапқан әскери қызметшілердің толық тізімін жариялады.

25 қыркүйек Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды 

25 қыркүйек Қазақстан Республикасында Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.