Мемлекеттік қордан 33 миллиард теңгеден аса қаржы бөлінді: ол қайда жұмсалады?

Президент тапсырмасымен Өскемендегі Гематология орталығы құрылысына 33,6 миллиард теңге бөлінді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Үкімет Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайдың төртінші отырысы барысында алға қойған Өскемендегі Гематология орталығын жеделдетіп пайдалануға беру туралы тапсырмасын жүзеге асыру аясында арнаулы мемлекеттік қордан 33,6 миллиард теңге бөлді.

«Медицина мекемесінде екі корпус: 148 орындық стационар және клиника науқастарына арналған 24 орындық қонақүй қарастырылған.

Бас ғимаратта заманауи медициналық құрал-жабдықтармен қамтылған зертханалар, сәулелік диагностика, кардиология, кардиохирургия, гематология, сүйек кемігін трансплантациялау және күрделі соматика бөлімшелері орналастырылады.

Жаңа орталық науқастарды емдеу мен оңалтудың озық әдістеріне қол жеткізуге мүмкіндік береді. Жобаның жалпы құны — 71,3 миллиард теңге. Бүгінде нысанның 78 пайызы аяқталған», — деп жазылған хабарламада.

Ғимараттың қаңқасы тұрғызылып, сыртқы инженерлік желілер тартылған, шатыр, қасбеті, терезе блоктары дайындалып, ішкі әрлеу жұмыстары ішінара аяқталған.

Қазақстандықтардың 71 пайызы ауырғанда бірінші ЖИ-ден кеңес сұрайды 

Қазақстандықтардың 94 пайызы ауырған кезде алдымен өз бетінше емделуге әрекет етіп көреді.

Елімізде көпқабатты үйлерге өрт сөндіру техникасының кіру талаптары күшейтілді 

Қазақстанда көппәтерлі тұрғын үй кешендерінің өрт қауіпсіздігіне қатысты жаңа талаптар белгіленді.

Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Түрікменстанға барды 

Әуежайда Қазақстан Президентін Түрікменстан Министрлер кабинеті төрағасының орынбасары – Сыртқы істер министрі Рашид Мередов қарсы алды.

Алматыда жылуды 9 қазаннан бастап қосады

Алматыда биыл жылу қосу маусымы 9 қазанда басталады. Алайда әкімдіктің хабарлауынша, тұрғын үйлерге жылу бірден қосылмайды.

Ерлан Карин Джеки Чанмен кинематография саласындағы ынтымақтастықты талқылады 

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Вице-президент Ерлан Карин халықаралық киножобаның түсірілім тобымен кездесті.