Тоқаев Путин мен Трамптың Украина бойынша келіссөзінің қорытындысын құптайды

Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путин мен Дональд Трамптың Украина бойынша телефон арқылы келіссөзінің қорытындысын құптайды. Бұл туралы Президенттің кеңесшісі — баспасөз хатшысы Руслан Желдібай мәлімдеді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

«Президент екі елдің көшбасшылары нақты уағдаластықтар негізінде Еуразия кеңістігіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін аса маңызды ұзақмерзімді бейбітшілікке қол жеткізуге ниетті екендерін көрсетті деп санайды. Мемлекет басшысы бұған дейін барлық державаны Украина бойынша «Бейбітшілік формуласын» әзірлеу мақсатында келіссөздер процесін бастауға шақырып, БРИКС саммитінде Қытай мен Бразилияның бейбітшілік жоспарын қолдаған болатын», — деп жазылған хабарламада.

Бұған дейін не болды?

18 наурызда АҚШ президенті Дональд Трамп пен Ресей президенті Владимир Путин телефон арқылы сөйлесті. Кремль Ресей басшысының Ресей мен Украинаның 30 күн ішінде энергетикалық инфрақұрылым нысандарына соққы беруден өзара бас тартуы туралы идеяны қолдағанын және Ресей әскеріне тиісті бұйрық бергенін хабарлады.

АҚШ президенті Дональд Трамп та Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесуіне қатысты пікір білдірді. Ол келіссөзді өте жақсы әрі өнімді өтті деп бағалады. Трамптың сөзінше, олар бүкіл энергетика мен инфрақұрылым бойынша атысты дереу тоқтатуға келіскен.

Қазақ-қытай инвестициялық форумын жыл сайын өткізу ұсынылды 

Мемлекет басшысы Қазақ-қытай инвестициялық форумы екі елдің іскер топтары арасындағы тікелей байланыстарды күшейтетін тұрақты алаңға айналуға тиіс екенін айтты. 

Қазақстан Халық Кеңесі мүшелері қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына материалдық көмек көрсетеді 

Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері Каспий теңізінің жағалауында қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына 815 млн теңге көлемінде материалдық көмек көрсетеді.

Маңғыстау облысында қаза тапқан әскери қызметшілердің есімдері жарияланды 

Қорғаныс министрлігі бүгін Маңғыстау облысында әскери оқу-жаттығу кезінде қызметтік міндетін атқару барысында қаза тапқан әскери қызметшілердің толық тізімін жариялады.

25 қыркүйек Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды 

25 қыркүйек Қазақстан Республикасында Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.