Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша қысқартылған іс жүргізу тәртібі

     Әкімшілік құқық бұзушылық анықталған және оны жасаған тұлға белгілі болған кездеуәкілетті адам әкімшілік іс жүргізуді қозғайды, тұлғаға айыппұлды осы Кодекстің Ерекшебөлігі бабының санкциясында көрсетілген айыппұл сомасының елу пайызы мөлшерінде жетітәулік ішінде төлеу құқығын түсіндіреді және қажет болған жағдайда белгіленген үлгідегітүбіртекті табыс етеді.

      Егер әкімшілік құқық бұзушылық автоматты режимде жұмыс істейтін сертификатталғанарнайы техникалық бақылау-өлшеу құралдарымен және аспаптармен тіркелсе, адамныңайыппұлды белгіленген үлгідегі түбіртекпен бірге айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаматиісінше жеткізілген кезден бастап жеті тәулік ішінде көрсетілген айыппұл сомасының елупайызы мөлшерінде төлеуге құқығы бар.

     Айыппұлды көрсетілген айыппұл сомасының елу пайызы мөлшерінде жеті тәулік ішіндетөлеген жағдайда іс мәні бойынша қаралды, шешім заңды күшіне енді, ал адам әкімшілікжауаптылыққа тартылды деп есептеледі. Осы Кодекстің 47-тарауында көзделген жағдайларды қоспағанда, осы тараудың қағидалары бойынша қаралған іс қайта қаралуға жатпайды.

      Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген құқық пайдаланылмаған немесе тиісінше пайдаланылмаған жағдайда әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізу жалпы тәртіппен жүзеге асырылады.

      Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қысқартылған іс жүргізу тәртібі тиісінше қолданылмаған жағдайда, осы тараудың қағидалары бойынша қаралған істер қысқартылған іс жүргізуді қолдану туралы  шешім  қабылданған  күннен бастап бір жыл ішінде жалпы тәртіппен прокурордың наразылығы бойынша қайта  қаралуы мүмкін. 

 Ш.А.Ислямова, қаласының әкімшілік 

құқық бұзушылықтар жөніндегі 

мамандандырылған соты

әкімшісінің басшысы                                                             

Гендерлік теңдік – әділетті қоғамның негізі

Гендерлік теңдік мәселесі сөз бола қалса, ойымызға нәзік жанды...

Статья на тему: «Цели и задачи ювенальной юстиции»

Ювенальная юстиция это комплексная система правовых, социальных, педагогических и...

Судья – сот жүйесіндегі басты тұлға

Құқықтық мемлекетте сот билігінің орны ерекше. Ал сол сот...

Сыбайлас жемқорлықпен күресу жолдары

Сыбайлас жемқорлық – қоғамның дамуына кедергі келтіретін, мемлекеттің беделін...

Мемлекеттік тіл және сот төрелігі

Мемлекеттік тіл – мемлекеттің құқықтық, саяси және рухани негізін...