12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Тіл мерейі – ел мерейі

Ел тәуелсіздігінің ең маңызды нысаны – мемлекеттік тіл. Ұлттың өзгеден даралығын анықтайтын жалғыз да айрықша белгісі.
Тіл – халықтың баға жетпес байлығы, елдіктің басты нышаны. Сондықтан да, Қазақстан Республикасыныңбас құжаты – Конституцияда: «Қазақ тілі – мемлекеттің барлық аумағында қоғамдық қатынастардың барлық салаларында қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу және іс жүргізу тілі» — деп нақты көрсетілген. Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру. Маңызын арттыру мәселесі – қай мемлекетте де өзекті тақырыптың бірі. Өйткені, бүгінгідей ақпараттық заманда қолданысы аз тілдердің жойылып, тарих қойнауына кетіп жатқанына бәріміз куә болып отырмыз. Ал тілдің өлмеуі, ұрпақтан – ұрпаққа жалғасуы сіз бен бізге тікелей байланысты. Ол үшін әрбір қазақстандық азамат күнделікті өмірде қазақша сөйлеп, мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыруға атсалысуы керек.
Қазақтың бай тілі – біздің ата-бабадан қалған құнды қазына, ұлттық мұраның қайнар көзі. Қазақ тілі- біздің рухани негізіміз. Біздің міндетіміз – оны барлық салада белсенді пайдалана отырып дамыту, тілдің қолдану аясын арттыруға күш салу. Іс қағаздарын қазақ тілінде жүргізу, оны сапалы түрде дамыту – уақыт талабы. Ал, уақыт талабына сай болу – әрбір азаматтың борышы.

Маңғыстау облысының қылмыстық
істер жөніндегі мамандандырылған
ауданаралық сотының сот әкімшісі
М.Жебелханова

История создания судов в Казахстане

Судебная система Казахстана прошла долгий путь развития — от...

Защита прав несовершеннолетних при рассмотрении дел в суде

           Несовершеннолетние- одна из наиболее уязвимых категорий граждан, чьи...

Рассмотрение гражданских дел с участием несовершеннолетних

           Правосудие, связанное с участием несовершеннолетних требует особого подхода,...

Абай Кунанбаев и казахский язык

Абай Кунанбаев сыграл огромную роль в развитии казахского языка....