Мамырда демалыс күндері ауыстырыла ма?

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мамырда мерекелерге орай демалыс күндері ауыстырыла ма деген сауалға жауап берді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қолданыстағы күнтізбеге сәйкес мамырда қазақстандықтарға қосымша үш демалыс беріледі:

  • 1 мамыр (Қазақстан халқының бірлігі мерекесі),
  • 7 мамыр (Отан қорғаушылар күні),
  • 9 мамыр (Жеңіс күні).

7-9 мамыр аралығында бір жұмыс күні бар (бейсенбі, 8 мамыр), одан кейін бес күндік жұмыс аптасымен жұмыс істейтін қазақстандықтар 9-11 мамыр аралығында қатарынан үш күн демалады.

Демалыс күні ауыса ма?

Министрлік демалыс күні 8 мамырға ауыса ма деген сауалға жауап берді.

Ведомство демалыс күндерін ауыстыру соңғы рет 2024 жылғы 21 қарашада бекітілгенін және ол тек қаңтардағы мерекеге қатысты болғанын нақтылады.

«Осыған орай 2025 жылы басқа демалыс күндерін ауыстыру жоспарланып отырған жоқ», — деп жазылған жауапта.

Атыраудағы қанды қылмыс: Қайынжұртын өлтірген Сәрсемәлиев өмір бойына сотталды 

Сот оны төрт адамды өлтірумен қатар алаяқтық, мал ұрлау, құжаттарды заңсыз иелену және жасыру баптары бойынша да кінәлі деп таныды.

Еурокомиссия балалардың әлеуметтік желілерге қолжетімділігін шектемек

Еуроодақ елдеріне 13 жастан асқан жасөспірімдер үшін де қосымша жас шектеулерін енгізуге мүмкіндік беру ұсынылды.

Спад жары: какой будет погода в Казахстане 14 июля

После изнурительной жары северные региона Казахстана ждет передышка – там прогнозируются дожди с грозами. Жара по-прежнему сохранится в южных регионах.

114 мың қазақстандыққа мобильді аударымдарға қатысты ескерту жіберілді

Мемлекеттік кірістер комитеті күмәнді ақша аударымдары анықталған азаматтарға хабарлама жолдады.