Экстремизм мен терроризмге қарсы жиын өтті

Экстремизм мен терроризм бүгінгі таңда ең өзекті мәселе болып отыр. Ол мемлекеттің тұтастығына, қоғамның бірлігіне қатер төндіріп, зорлық-зомбылықпен, фанатизммен, ымыраға келмеуімен сипатталады. Экстремизм мен терроризмнің алдын алу — мемлекеттің міндеті ғана емес, сонымен қатар азаматтық қоғам өкілдерінің міндеті. Заңға сәйкес, экстремизм дегеніміз – жеке және (немесе) заңды тұлғаның немесе белгіленген тәртіппен экстремистік деп танылған бірлестіктің келесі әрекеттер мен мақсаттар жасауы:
— конституциялық құрылысты күштеп өзгерту;
— Қазақстан Республикасының егемендігін, оның аумағының тұтастығын, қол сұғылмаушылығын және бөлінбейтіндігін бұзу;
— мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілетіне нұқсан келтіру;
— билікті күшпен басып алу немесе билікті күшпен ұстау;
— заңсыз әскерилендірілген құрылымды құру, басшылық ету және оған қатысу;
— қарулы көтерілісті ұйымдастыру және оған қатысу;
— әлеуметтік, таптық алауыздықты қоздыру (саяси экстремизм).
Осыған орай Тараз қаласы темір жол колледжіне Тараз ст. ЖПб экстремизм және терроризмге қарсы іс-қимыл тобының қызметкері аға лейтенанты Өметай Әділет Садубекұлы «Экстремизм және терроризм бойынша іс-әрекеттеу» тақырыбында дәріс оқыды.

Кассациялық сот – әділ сот төрелігінің жаңа кезеңі

Құқықтық мемлекет құру жолында сот жүйесінің әділдігі мен ашықтығы...

Халықаралық құжат айналымындағы апостиль рөлі

Көпшілік үшін «апостиль» сөзі тек құжат рәсімдеумен байланысты қарапайым...

Аумақтан тыс соттылық – маңызды құқықтық қадам

Қазіргі қоғамда сот жүйесіне деген сенім – құқықтық мемлекетттің...

С начала года государственные театры Казахстана посетили свыше 600 тысяч зрителей

Сегодня в Казахстане функционирует более 70 театров, из которых...

Жыл басынан бері мемлекеттік театрларға 600 мыңнан астам көрермен барды

Бүгінде Қазақстанда 70-тен астам театр жұмыс істейді, оның 59-ы...