Көпір мен жолдарды су шайып кетті: БҚО-дағы үш ауыл ауданнан ажырап қалды

Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы Аралтөбе ауылының маңында, Жымпиты — Ақсай тасжолында салынған уақытша көпірді тасқын су шайып кетті, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі «Уральская неделя» басылымына сілтеме жасап. 

Бұл уақытша көпір былтыр негізгі көпірді жөндеуге байланысты салынған еді. Оны 15 наурызда Шідерті өзені көтерілген кезде су шайып кетті. Аралтөбе және Талдыбұлақ ауылы тұрғындарының ауданмен байланысы үзіліп қалды.

Қаратөбе ауданының Ақтайсай ауылы да аудан орталығынан ажырап қалды. 15 наурыздан бастап еріген су жол арқылы өтіп жатыр.

Басылым мәліметінше, аудан орталығына апаратын осы қара жол жыл сайын су тасқыны кезінде шайылып кетеді, ал ауыл тұрғындары бір апта бойы су деңгейі түсіп, жол кепкенін күтуге мәжбүр.

Еске салайық, бұған дейін су тасқыны қаупі жоғары аймақтар аталды. Қауіп орташа өңірлер қатарында БҚО бар.

Фото: «Уральская неделя»

Астана мен Алматыда Жеңіс күніне орай ардагерлер қанша теңгеден алды?

2026 жылы Астана және Алматы әкімдіктері Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне 9 мамырға орай берілетін төлемдер бөлді.

Қазақстанда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды 

Соңғы төрт жыл ішінде Қазақстанда бұрын пайдаланылмаған немесе заң бұзушылықтармен берілген 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды.

1 шілдеден кейін несие алу қиындайды: Жаңа талаптар халыққа қалай әсер етпек 

Ұлттық банк қарыз беру жүйесіне жаңа макроэкономикалық құрал – қарыздың табысқа қатынасы коэффициентін енгізуді жоспарлап отыр.

Новый алгоритм защиты детей 

В КАЗАХСТАНЕ ВВЕДЕН МЕЖВЕДОМСТВЕННЫЙ АЛГОРИТМ ПО БОРЬБЕ С БУЛЛИНГОМ, НАСИЛИЕМ И ЖЕСТОКИМ ОБРАЩЕНИЕМ С ДЕТЬМИ.