Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні

Абай облысы бойынша ҚАЖ Департаменті №21 мекеме қызметкерлері «Семей қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ қызметкерлері шақыруымен «Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні» тақырыбында көрісу мейрамы, амал мерекесін атап өтеді.
Шараға «Ертіс толқындары» ансамбілі, М.Төлебаев атындағы музыка училищесінің студенттері мен кітапхана оқырмандары қатысты.
Мерекелік кеш жасы кішілердің үлкендерге арнайы сәлем беріп, қол алысып, ізгі тілектерін жеткізумен басталып, кітапханашы Көрісу күні – халықты береке-бірлікке, татулыққа бастайтын ежелден келе жатқан төл мереке екенін атап өтеді.
Кеш жалғасында «Ертіс толқындары» ансамбілі мерекелік ән шырқап, М.Төлебаев атындағы музыкалық училищесінің студенттері режиссер Болат Қамзиннің жетекшілігімен театрландырылған «Қауышу» қойылымын ұсынды.
Наурыз ұлттық мереке болғандықтан, қазақтың салт-дәстүрлері туралы айтып кету де дұрыс деп саналады. Қазақтың ежелден келе жатқан салт-дәстүрлерінің бірі «Тұсау кесер» рәсімі, «Baursak Day» шеберлік сағаты ұйымдастырылды.
Сонымен қатар бұл күні фотоаймақ, «Қазақ халқының кұндылықтары» атты кітап көрмесі ұсынылып, кеш қонақтарына арнайы әзірленген Наурыз көже, ыстық бауырсақтарынан дәм тарттық. Абай облысы бойынша ҚАЖ Департаменті №21 мекеме қызметкерлері ұйымдастырылған шара бойынша алғыс білдіреді.

Қазақстандық оқушылар BilimClass журналы арқылы мұғалімдерге виртуалды гүл шоқтарын сыйлай алады

BilimClass электрондық журналы 25 мамырға орай ерекше науқан бастады Оқушылар...

Казахстанские школьники смогут дарить виртуальные букеты учителям через журнал BilimClass

Электронный журнал BilimClass запустил трогательную акцию к 25 мая Школьники...

Әскери ант қабылдау рәсімі болды

2026 жылғы 23 мамырда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі...

Алматылық хирургтар екі кезеңнен тұратын күрделі ота жасап, үлкен псевдокистаны алып тастады

Науқас бұған дейін ұйқы безінің күрделі қабынуымен ауырып, салдарынан...