12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Кассациялық соттың маңыздылығы

Жоғарғы Сот төрелікке деген сенімді одан ары арттыру мақсатында 5 шілде 2024 жылы Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына сәйкес, «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Конституциялық заңға толықтырулар мен өзгерістер енгізілген болатын.

Биыл шілде айында кылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер бойынша жеке-жеке кассациялық сот құруды қарастыратын заңға қол қойылды.

Сонымен 1 шілде 2025 жылдан бастап елімізде дербес кассациялық соттар өз қызметіне кіріседі.

Сондай-ақ бірыңғай кассациялық тәртіп заңды күшіне енген сот актілерін қайта қарап, 6 ай мерзім ішінде істерді мәні бойынша үш судья құрамында қарауды қамтитын болады.

Кассациялық сот- сот жүйесіндегі аса маңызды буындардың бірі. Ол сот шешімдерінің заңдылығы мен әділдігін бақылауға арналған жоғары сатыдағы сот органы болып табылады.

Кассациялық соттың басты міндеті- төменгі сатыдағы соттардың шешімдеріне құқықтық тұрғыдан баға беру және заң талаптарының дұрыс сақталуын қамтамасыз ету.

Кассациялық соттың рөлі мен қызметі:

  1. Заңдылықты қамтамасыз ету.

Кассациялық сот азаматтық, қылмыстық, әкімшілік істер және әкімшілік құқық бұзушылық істер бойынша төменгі инстанциялар қабылдаған шешімдердің заңға сәйкестігін тексереді. Егер сот шешімі құқықтық нормаларға қайшы болса немесе процессуалдық қателіктерге жол бесе, оны қайта қарауға немесе күшін жоюға құқылы.

  1. Әділеттілікті орнату.

Сот шешімдеріне наразы тараптар кассациялық сотқа жүгіну арқылы өз құқықтарын қорғай алады. Бұл азаматтардың әділ сот төрелігіне қол жеткізуін қамтамасыз етеді.

  1. Сот тәжірибесін біріздендеру.

Кассациялық сот құқық қолдану практикасын жүйелеп, төменгі соттардың шешім қабылдау кезінде бірыңғай стандарттарды ұстануын қадағалайды. Бұл құқықтық жүйенің тұрақтылығын нығайтады.

  1. Процессуалдық бұзушылықтарды түзету.

Кейде алғашқы және апелляциялық соттарды процессуалдық нормалардың бұзылуы мүмкін. Мұндай жағдайларды кассациялық сот істі қайта қарау арқылы әділетсіз шешімдердің алдын алады.

Кассациялық сотқа жүгіну тәртібі.

Кассациялық сотқа жүгіну үшін тараптар сот шешімін келіспейтінін негіздеп, шағым түсіруі тиіс. Шағымды қабылдау үшін келесі шарттар сақталуы тиіс.

  • Іс апелляциялық сатыда қаралған болуы керек.
  • Шағым заңда көрсетілген мерзім ішінде берілуі тиіс.
  • Шағым нақты құқық бұзушылықтар мен заңсыз шешімдерге негізделуі керек.

Кассациялық сот- құқықтық мемлекеттің маңызды институты. Ол сот төрелігінің әділдігін қамтамасыз етіп, заңдылықтың сақталуын кепілдік береді. Азаматтар мен ұйымдар үшін кассациялық сот- құқықтарын қорғаудың соңғы мүмкіндіктерінің бірі болып табылады. Сондықтан оның қызметі құықтық тәртіп пен әлеуметтік әділдікті неғайтуда шешуші рөл атқарады.

Ш.А.Ислямова, Өскемен қаласының әкімшілік

құқық бұзушылықтар жөніндегі

мамандандырылған соты

әкімшісінің басшысы

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл

        Сыбайлас жемқорлық ‑ жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттiк...

Этика судей

Особенность этики судьи в том, что она обязательна к...

Кассациялық сот құру – қоғам талабы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2023 жылдың қыркүйек айында отандық...

ӘСКЕРИ СОТТАҒЫ АЛҒАШҚЫ ӘЙЕЛ-СУДЬЯ

«Ақын болу – өз еркің, адам болу – міндетің» деген нақыл сөзді «мамандық таңдау – өз еркің, адал болу – міндетің» деп жалғастырар ем!» Бұл еліміздің құрметті доғарыстағы судьясы Тұрсын Әбсағитқызы Мұқышеваның жүрекжарды сөзі. Заң саласындағы қырық жылға жуық еңбек өтілінің 21 жылы сот төрелігін жүргізуге арналған Тұрсын Әбсағитқызы әскери сот саласында қызмет еткен алғашқы қазақ әйелі.

Материалдық залалды өтеуде нені ескеру керек?

Сот тәжірибесін зерделеу, төрелік алаңында таразы басына салынған істерге...