Абай облысында «Көрісу күні» түзеу мекемесінің қызметкерлері ҚАЖ ардагерлерімен кездесті

Абай облысында қауіпсіздігі аралас мекеме қызметкерлері «14- наурыз Көрісу күні – Амал мерекесімен» қылмыстық-атқару жүйесі аргерлерін құттықтау мақсатында, оларды мекемеге арнайы шақырып, іс-шара ұйымдастырды. Іс-шараға ҚАЖ-нің 5 ардагері келіп, өздерімен қызметтес болған, өздері тәлімгерлік көрсеткен жас қызметкерлермен көрісіп, қызметтеріне табыс, адалдық тіледі. Іс-шара барысында ардагерлер қазақ ұлттық тағамдарымен толтырылған ақ дастарханнан дәм татып, қызметкерлердің әзірлеген музыкалық шашуын қабыл алды.
Мекеме қызметкерлерінің қызметтегі уақыттарын есепке алып, Көрісу күніне қылмыстық-атқару жүйесінің аға буын-ардагерлері жиналып, келіп сәлем беруді ұйғардық. Жылы құшақ танытқан мекеме басшылығы мен қызметкерлерге алғысымды білдіремін-дейді ҚАЖ ардагері Ержан Қалмақбаев

Астанада «Әділет» партиясының II Съезі өз жұмысын бастады

         Астанада «Әділет» партиясының II Съезі өз жұмысын бастады. Съезд жұмысына партия...

«Таза Қазақстан» акциясы аясында 16 текше метр тұрмыстық қалдықтарды заңсыз төгу фактісі анықталды

"Таза Қазақстан" республикалық экологиялық акциясы аясында полиция қызметкерлері рейдтік-профилактикалық...

Қауіпсіз жаз: полиция жазғы лагерьде қауіпсіздік сабағын өткізуде

Түркістан облысының полицейлері мектеп жанындағы жазғы сауықтыру лагерлерінде демалып...