Алматыда Көрісу күні қалай тойланады?

Алматыда Көрісу күні тойланады, соған орай концерттер, т.б. іс-шаралар жоспарланып отыр, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

14 наурызда халық Көктөбеде Амал мерекесі — Көрісу күнін атап өтеді. Қала тұрғындары мен қонақтары қыстан аман шығып, көктем келуімен бірін-бірі құттықтап, жылы жүздесіп, қол алысып, құшақтасып, төс қағысады, үлкендер жастарға бата беріп, жақсылық пен молшылық тілейді.

Сағат 11:00-де Көктөбеде ашық аспан астында «Көктөбедегі Амал күні» атты мерекелік концерт өтеді. Сахнада Роза Рымбаева, Жанар Айжанова, «Жігіттер» тобы, Айгүл Қосанова және «Алатау» дәстүрлі өнер театрының әртістері өнер көрсетеді.

Айта кетейік, 14 наурызда мерекеге орай Көктөбе аспалы жолымен сағат 09:00-ден 13:00-ге дейін тегін көтерілуге болады.

Алматыда 14-23 наурыз аралығында өтетін Наурызнама онкүндігі аясында 100-ден аса түрлі іс-шара жоспарланған. Олардың ішінде көрмелер, спектакльдер, спорттық жарыстар, танымал өнер адамдарының қатысуымен концерттер және басқа да қызық іс-шаралар бар. 

Қазақ-қытай инвестициялық форумын жыл сайын өткізу ұсынылды 

Мемлекет басшысы Қазақ-қытай инвестициялық форумы екі елдің іскер топтары арасындағы тікелей байланыстарды күшейтетін тұрақты алаңға айналуға тиіс екенін айтты. 

Қазақстан Халық Кеңесі мүшелері қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына материалдық көмек көрсетеді 

Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері Каспий теңізінің жағалауында қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына 815 млн теңге көлемінде материалдық көмек көрсетеді.

Маңғыстау облысында қаза тапқан әскери қызметшілердің есімдері жарияланды 

Қорғаныс министрлігі бүгін Маңғыстау облысында әскери оқу-жаттығу кезінде қызметтік міндетін атқару барысында қаза тапқан әскери қызметшілердің толық тізімін жариялады.

25 қыркүйек Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды 

25 қыркүйек Қазақстан Республикасында Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.