12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

ЖАС ҒАЛЫМДАР БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

Мемлекет басшысының тапсырмасымен ғалымдарға қолдау көрсету, олардың әлеуметтік мәртебесін арттыру және ғылымға жас кадрлардың келуін ынталандыру мақсатында ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек «Ғылым ордасы» ғимаратында жас ғалымдарға пәтер сертификаттарын салтанатты түрде табыстады.

Министрлік 2024 жылғы мамыр айынан бастап баспанаға мұқтаж жас ғалымдардың тізімін қалыптастыру бойынша жұмыс жүргізуде. Осыған орай, Алматы қаласында баспана беру үшін ғылыми ұйымдардың, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының жас ғалымдары үшін пәтерлерді бөлу жөніндегі комиссияда баспанаға мұқтаждардың тізімі айқындалған болатын. Нәтижесінде 9 жас ғалымға тұрғын үй сертификаты табысталды.

Баспаналы болғандар арасында Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің жас ғалымдары Дәурен Байсейітов пен Гүлістан Елубай бар.

Шара барысында ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек жас ғалымдарды қолдауға қатысты оң өзгерістер орын алғанын атап өтті. Сонымен қатар, 2024–2026 жылдарға арналған қолданбалы ғылымды мемлекеттік қаржыландыру көлемі ұлғайғанын, жас ғалымдарды қолдау шаралары күшейтіліп, ғылымды дамыту және технологиялық саясатты іске асыруға бағытталған «Ғылым және технологиялық саясат туралы» заң қабылданып, ғылыми ұйым қызметкерлерінің лауазымдық жалақысы артқанын айтты. Айта кетейік, бұған дейін Мемлекет басшысының тапсырмасымен 42 жас ғалым тұрғын үй сертификатын алды. Сонымен қатар 2023 жылғы 19 қазанда Ғылым және жоғары білім министрлігі мен «Отбасы банк» АҚ арасында жас ғалымдарға 2023–2027 жылдарға арналған жеңілдетілген кредит беру бағдарламасы бойынша ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Қазіргі уақытта аталған бағдарлама бойынша 290 жас ғалым жеңілдікпен баспана алды. Жас ғалымдарды пәтермен қамтамасыз ету – еліміздегі ғылым мен білімді қолдаудың жарқын үлгісі. Бұл бастама – жас зерттеушілерге жаңа мүмкіндіктер ашып, олардың ғылымға деген ынтасын арттырады. Баспанамен қамтамасыз ету – тек әлеуметтік қолдау ғана емес, елдің интеллектуалдық әлеуетін нығайтуға бағытталған маңызды қадам.

А.ЕРБОЛҚЫЗЫ , «Заң газеті»

Формальные ответы на острые вопросы

Пленарное заседание Мажилиса Парламента РК стало трибуной для критики работы Правительства. По итогам поездок по регионам, депутаты представили данные о масштабах накопившихся проблем и бездействии властей. Формальные ответы на острые вопросы граждан стали лейтмотивом выступлений народных избранников.

ҒЫЛЫМДАҒЫ ӘЙЕЛДЕРДІҢ ҮЛЕСІ ҚОМАҚТЫ

Қазіргі уақытта Қазақстанда ғылыммен айналысып жүрген зерттеуші әйелдер саны...

Бурабайда Ұлттық құрылтай бастамаларының жүзеге асырылу нәтижелері талқылануда

Бурабайда Ұлттық құрылтайдың жұмыс секцияларының отырыстары басталды.

Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!

Сыбайлас жемқорлық-замана дерті, бәсекелестік пайда болған жерлерде белең алып,...

Жазасын өтеушілердің еңбегін кәсіпкерлерге ұсыну жәрмеңкесі

Атырау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты 79 мекемесінде...