Қасым-Жомарт Тоқаев Дариға Тілендиеваның отбасы мен жақындарына көңіл айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Нұрғиса Тілендиевтің жары, белгілі мәдениет қайраткері Дариға Тілендиева дүниеден өтуіне байланысты көңіл айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әйгілі композитор, «Отырар сазы» ұлт аспаптары академиялық оркестрінің негізін қалаушы Нұрғиса Тілендиевтің жары, белгілі мәдениет қайраткері Дариға Тілендиева дүниеден өтуіне байланысты туған-туыстары мен жақындарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтты», — деп жазылған хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін Нұрғиса Тілендиевтің жары өмірден өткені хабарланды.

Дариға Тілендиева «Қазақфильм» киностудиясында түсірілген «Алты жасар Алпамыс», «Құлагер», «Ақ машина», «Жамбылдың жастық шағы», «Қоштасқым келмейді» сынды көркем фильмдері арқылы ұлттық кино өнерінде өшпес із қалдырды.

Қазақстандағы Құрылтай сайлауына халықаралық байқаушылар қандай баға берді? 

Орталық сайлау комиссиясының алаңында халықаралық байқаушылар Қазақстандағы Құрылтай депутаттарының сайлауына баға берді.

Шетелдегі барлық сайлау учаскесі жұмысын аяқтады 

61 мемлекетте дауыс берген Қазақстан азаматтарының жалпы саны 9 623 адамды құрады.

Құрылтай сайлауы: Алғашқы exit poll нәтижелері жарияланды 

Еуразиялық интеграция институтының мәліметінше, exit poll Қазақстанның 20 өңіріндегі 200 сайлау учаскесінде жүргізілген.

Астанада Құрылтай сайлауы күні 25 сәби дүниеге келді 

Қаладағы медициналық ұйымдардың мәліметінше, жаңа туған нәрестелердің 14-і – ұл, 11-і – қыз.