Қазақстандықтар жаңа жұмыс кестесіне ауыса алады

Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев Үкімет отырысында өңірлерде мәслихат депутаттары жұмыс кестелерін түзету арқылы жұмыс уақытын оңтайландыру жөніндегі бастаманы қолдағанын мәлімдеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Министр бұл шаралар кәсіби және жеке өмір арасындағы тепе-теңдікті сақтауға, сондай-ақ, азаматтар үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталғанын мәлімдеді.

«Бүгінде ШҚО-ның бірқатар ауданында (Қатонқарағай, Марқакөл, Үлкен Нарын, Зайсан, Тарбағатай, Самар, Күршім) жұмыс кестесі сағат 8:00-ден 17:30-ға дейін түзетіліп, тұрғындар тарапынан оң баға мен қолдау тапты. Қажет болған жағдайда осындай тәжірибені жергілікті атқарушы органдар басқа өңірлерде қолданады», — деді Арман Шаққалиев.

Еске салайық, 5 қаңтардан бастап Катонқарағай ауданының 17 ауылы жұмыс күнін 08:00-де бастап, 17:30-да аяқтайтын «жеке» жұмыс кестесіне көшті, ал 24 ақпаннан бастап Марқакөл және Үлкен Нарын аудандарының тұрғындары да осы тәртіпке өтті.

5 наурыздан бастап Зайсан, Күршім, Тарбағатай және Самара аудандарының тұрғындары да жұмыс күнін бір сағат ертерек бастайтыны белгілі болды.

Қазақ-қытай инвестициялық форумын жыл сайын өткізу ұсынылды 

Мемлекет басшысы Қазақ-қытай инвестициялық форумы екі елдің іскер топтары арасындағы тікелей байланыстарды күшейтетін тұрақты алаңға айналуға тиіс екенін айтты. 

Қазақстан Халық Кеңесі мүшелері қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына материалдық көмек көрсетеді 

Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері Каспий теңізінің жағалауында қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына 815 млн теңге көлемінде материалдық көмек көрсетеді.

Маңғыстау облысында қаза тапқан әскери қызметшілердің есімдері жарияланды 

Қорғаныс министрлігі бүгін Маңғыстау облысында әскери оқу-жаттығу кезінде қызметтік міндетін атқару барысында қаза тапқан әскери қызметшілердің толық тізімін жариялады.

25 қыркүйек Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды 

25 қыркүйек Қазақстан Республикасында Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.