Бірыңғай уақыт белдеуі: зерттеу нәтижесі белгілі болды

Үкімет отырысында уақыт белдеуі мәселесіне назар аударылды. Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев бірыңғай уақыт белдеуіне көшу халық денсаулығына қаншалық әсер еткенін анықтауды мақсат еткен мониторинг нәтижелерін баяндады, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Зерттеу жүргізу әдістемесі бірыңғай уақыт белдеуін енгізудің халық денсаулығына, энергия тұтынуға, еңбек тиімділігіне, оқушылардың үлгеріміне, жол-көлік оқиғалары деңгейіне, қылмысқа және басқа да аспектілерге әсерін бағалау бойынша 40-тан аса метрика мен көрсеткіштерді қамтиды.

«Денсаулық сақтау саласы бойынша 100 мың адамға есептелген қала және ауыл тұрғындарымен қатар, түрлі жастағы азаматтар қамтылды. Энергия тұтыну бойынша электр энергиясын тұтыну статистикасы, оның ішінде ең жоғары жүктемелер және бүкіл ел бойынша электр энергиясын тұтыну салыстырылды. Еңбек қызметі бойынша орындалған жұмыс көлемі, кешігу және сабаққа келмеу жағдайлары, жарақаттар мен тәртіп бұзу жағдайлары қамтылды. Нәтижелер бірыңғай уақыт белдеуіне көшудің халықтың тыныс-тіршілігінің негізгі көрсеткіштеріне теріс әсері жоқ екенін көрсетеді», — деп түсіндірді Арман Шаққалиев.

Бектеновтің тапсырмасы

Үкімет басшысы Парламент Мәжілісімен бірлесіп, тиісті жұмысты ұйымдастыруды тапсырды.

«Мемлекет басшысы Үкімет пен Парламентке бұл мәселені егжей-тегжейлі қарап, бірлесіп оңтайлы шешім қабылдауды тапсырғанын білесіздер. Министрдің баяндамасында айтылғандай, мониторинг бірыңғай уақыт белдеуін енгізу туралы қабылданған шешімнің теріс әсері жоқ екенін көрсетті», — деді Олжас Бектенов.

Айта кетейік, 2024 жылы 1 наурызға қараған түні Қазақстан бірыңғай уақыт белдеуіне көшті. 7 маусымда мұның күшін жою туралы петиция жарияланды. Ол қажет болған 50 мың қол жинады, бірақ қабылданбады.

ОСК Құрылтай депутаттарының сайлауына алғашқы 60 халықаралық байқаушыны аккредиттеді 

Қазақстандағы сайлауды үш халықаралық ұйым мен төрт шет мемлекеттің өкілдері бақылайды.

Испания Францияны жеңіп, әлем чемпионатының финалына шықты 

Ал Франция құрамасы үшінші орын үшін Англия–Аргентина жұбының жеңілген командасымен бақ сынайды.

Атыраудағы қанды қылмыс: Қайынжұртын өлтірген Сәрсемәлиев өмір бойына сотталды 

Сот оны төрт адамды өлтірумен қатар алаяқтық, мал ұрлау, құжаттарды заңсыз иелену және жасыру баптары бойынша да кінәлі деп таныды.

Еурокомиссия балалардың әлеуметтік желілерге қолжетімділігін шектемек

Еуроодақ елдеріне 13 жастан асқан жасөспірімдер үшін де қосымша жас шектеулерін енгізуге мүмкіндік беру ұсынылды.