Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2023 жылдың қыркүйек айында отандық бизнес өкілдерімен кездесу барысында азаматтардың құқықтарын сапалы қорғауды қамтамасыз ету үшін жекелеген кассациялық соттар құрудың маңыздылығы туралы атап өткен болатын. Президент тапсырмасына орай 2025 жылдың 1 шілдесінен бастап елімізде кассациялық соттар жұмыс істейтін болады.
Кассациялық сотқа істер алдын ала қараусыз үш судьядан тұратын алқаға тікелей түсетін болады
Тәуелсіз кассациялық сот азаматтық, әкімшілік, қылмыстық істер бойынша тек Астанада ғана құрылады.
Кассациялық сотқа соттың қаулысына қанағаттанбаған тараптар аппеляциялық алқадан кейін шағымдана алады. Істерді кассациялық сатыдағы сотта қарау белгілі бір негіздер бойынша ғана мүмкін болады.
Кассациялық сот – сот шешімдерін қабылдау кезінде заңдардың дұрыс қолданылуы мен түсіндірілуінің сақталуын қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, төменгі органдар шығарған сот шешімдерін қадағалайтын және түзететін сот жүйесінің бір түрі болмақ.
Ең бастысы, бұл кассациялық орган толық тәуелсіз болады.
Кассациялық соттардың негізгі міндеті – сот шешімдерінің заңдылығын тексеру. Олар апелляциялық соттардың шешімдерін құқықтық тұрғыдан бағалап, заң талаптарына сай болуын қадағалайды. Бұл жаңа инстанция сот қателіктерін түзетіп, заңнаманың біркелкі қолданылуын қамтамасыз етуге бағытталған.
Қазақстанда кассациялық соттарды құрудың басты мақсаттары:
Әділдікті қамтамасыз ету: кассациялық соттар сот шешімдерін қосымша тексеру арқылы заңдылық пен әділдікті орнатады. Бұл инстанция сот қателіктерін анықтап, дұрыс емес шешімдерді түзетуге мүмкіндік береді. Төменгі сатыдағы соттың актісі заңсыз немесе негізсіз деп танылса, кассациялық сатыдағы сот оның күшін жойып, істі жаңадан сот талқылауына жіберуі немесе түпкілікті шешім қабылдауы мүмкін. Кассациялық сот құру еліміздегі сот жүйесінің дамуына өз үлесін қосары сөзсіз.
Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының жетекші маманы А. Өмірзақ