АНА МЕН БАЛАНЫ ҚОЛДАУ КЕМІМЕЙДІ

Елдегі əлеуметтік саясаттың басым бағытының бірі қандай десек, ең алдымен тіл ұшына ана мен бала құқығы келеді. Ата Заңымызда айқындалғандай, мемлекеттің басты байлығы – адам мен оның өмір саулығы, құқығы мен бостандықтары. Бұл ретте қоғам ішіндегі əртүрлі топ арасында əлеуметтік ең əлсіз санатқа жататын ана мен балаға деген қолдауға һəм қорғауға деген ізгі жұмыстар үзілмеуі тиіс.

Мемлекеттің бірінші кезектегі міндеті деті – елдегі отбасылардың жайлы
жəне бақуатты өмір сүруі үшін барынша қолайлы жағдай жасау. Бүгінде тиісті құрылымдар əртүрлі шарттар мен жағдайларды ескере отырып, отбасы саясатын іске асыруға кешенді түрде қарап келеді. Президентіміз əлеуметтік мемлекет қағидаттарын ұстана отырып, «Əділетті Қазақстан: заң мен тəртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты жолдауында Қазақстан отбасыларын қолдау құралдарын жетілдіру қажеттігін баса айтып, келесі жылдың басынан «əлеуметтік əмиян» тетігін енгізу туралы Үкіметке тапсырма да берді. Сондай-ақ Ұлттық Құрылтайдың «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты үшінші отырысында сөйлеген сөзінде «Біз дəстүрлі отбасы құндылықтарын табанды түрде орнықтыра беруіміз қажет» деп атап көрсеткен еді. Былтырғы ең маңызды оқиғалардың бірі – Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты заңның қабылдануы. Жаңа редакция əйелдер мен балаларға қарсы зорлық-зомбылыққа жазаны қатаңдатып, отбасылық-тұрмыстық саладағы құқық бұзушылықтарды криминализациялады. Соған орай əртүрлі нормативтік-құқықтық актілерге 70-тен астам түзету енді. Əлемдегі 15-49 жас аралығындағы əйелдердің орта есеп пен 27%-ы отбасылық-тұрмыстық зорлық- з о м б ы л ы қ т ы ң қандай да бір түрін бастан кешіретінін əлемдік тəжірибе көрсетіп отыр. Ал өмір бойы тұрмыстық зорлық-зомбылық көрген қазақстандықтардың нақты үлесі жүргізілген сауалнамаға сəйкес 6%-дан жоғары жəне бұл мəселенің кейбір бөлігі жасырын күйде қалады деп болжанған. Қабылданған жаңа заң тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарын құқықтық қорғауды күшейте отырып, бірінші кезекте отбасы мүшелерінің, соның ішінде əйелдер, балалар жəне қарт адамдар үшін қауіпсіз ортаны құруға бағытталған. Құжат даулар мен жанжалдарды шешуге, зорлық-зомбылықтың алдын алуға жəне отбасы институтын нығайтуға жағдай жасауды көздейді. Жаңа заң аясында Мəдениет жəне ақпарат министрлігі отбасын қолдау орталықтарының қызметін үйлестіріп, əдістемелік басшылық жасауда. Қазіргі таңда елде 43 отбасын қолдау орталығы жұмыс істейді. Қиын өмірлік жағдайға тап болған отбасыларды ерте анықтау үшін мобильді қосымша сынақтан өткізілуде. «Министрлік қазақстандықтардың арасында адамгершілік жəне отбасылық құндылықтарды нығайту бойынша жұмысын жалғастыруда. 2025– 2027 жылдарға арналған отбасын жəне некені сақтау мен нығайту жөніндегі іс-шаралар жоспары қабылданды. Бұл – ажырасудың алдын алуға жəне отбасылық өмірге саналы дайындық деңгейін арттыруға бағытталған. Жыл сайын «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауы өткізіледі. 11 жыл ішінде оған Қазақстанның барлық өңірлерінен 20 мыңнан астам отбасы қатысты. Былтыр 2-8 қыркүйек аралығында Отбасы күніне арналған апталық өтті. Оның аясында 2 мыңнан астам іс-шара ұйымдастырылып, оған 300 мыңнан астам адам қамтылды. 2024 жылғы жолдауында Мемлекет басшысы саналы ата-ана болудың маңыздылығын атап өтіп, балалар тəрбиесіне ерекше назар аударуға шақырды. Осыған байланысты, министрлік жəне «Əкелер одағы» республикалық қоғамдық бірлестігі «Тəрбие – тал бесіктен» IX Республикалық əкелер форумын өткізді. Форумға 200- ден астам қатысушы сарапшылар, үлгілі əкелер, белсенді азаматтар, педагогтар жəне білім беру мекемелерінің басшылары жиналды», деп атап көрсетіпті өз есебінде салалық министрлік. Сондай-ақ аталған министрлік «Балалар мен жастарды тəрбиелеу: мемлекет, қоғам жəне отбасы бірлесе əрекет ету» атты халықаралық конференция ұйымдастырды. Екіншіден, гендерлік саясатты іске асыру аясында гендерлік теңдікті нығайту жəне əйелдерге қатысты кемсітушілікті жою бойынша жұмыстар жалғасуда. Əйелдер мен қыздардың көшбасшылық əлеуетін жəне саяси белсенділігін арттыру мақсатында «Томирис» ақпараттық-білім беру бағдарламасымен былтыр шамамен 500 əйел қамтылыпты. Жалпы мемлекетте ана мен баланың құқығын қорғау, баланың тегін орта білім алып, əрбір əйелдің жақсы жұмысқа орналасуын, əсіресе, əйелдердің жеке кəсіп ашудағы əлеуетін арттыруды қамтамасыз ететін жұмыстарды уақыт өткен сайын жандандыру еш тоқтамауы тиіс. Бұл – күн тəртібінен түспейтін маңызды мəселе болып қала бермек.

Шернияз ЖАЛҒАСБЕКҰЛЫ

Қасым-Жомарт Тоқаевтың қарсылығынан кейін Құрылтай депутаттары мемлекеттік наградалар туралы заңды қайта қарады 

Депутаттар Президенттің ұсынысын қолдап, мемлекеттік наградалар туралы заңның жекелеген нормаларын жаңа редакцияда қабылдады.

Қарапайым суық тиюге ұқсайды: Дәрігерлер қауіпті инфекцияның таралып жатқанын айтты 

Инфекциясы бастапқыда суық тиюге ұқсап, кейін ауыр асқынуларға әкелуі мүмкін.

Елімізде 870 мың адам баспана күтіп жүр. Биыл қанша үй салынады?

Қазақстанда тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтардың саны 870 мыңға жетті. Бұл туралы құрылыс және өнеркәсіп министрі Ерсайын Нағаспаев үкіметтегі брифиңде айтты.

Қазақстанның АҚШ-қа экспорты күрт өсті 

2026 жылдың алғашқы тоғыз айында Қазақстан мен АҚШ арасындағы тауар айналымы 2,89 млрд долларға жетті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 24,4%-ға көп.

Қазақстанда ҰБТ форматы өзгереді: Талапкерлерді қандай жаңалық күтіп тұр 

Қазақстанда жоғары оқу орындарына түсу емтиханының жаңа форматы әзірленіп жатыр. Ол талапкерлердің пәндік білімін ғана емес, сыни ойлауын, цифрлық сауаттылығын, жасанды интеллектпен жұмыс істеу дағдыларын және ақпаратты талдау қабілетін бағалауға мүмкіндік береді.