Мас күйде көлік жүргізгені үшін жазаны жеңілдету: ІІМ бұл ұсынысқа не дейді?

Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха Мәжіліс депутаттарының мас күйінде көлік жүргізгені үшін жазаны жеңілдету туралы ұсынысына қатысты пікір білдірді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мәжіліс кулуарында ІІМ басшысының орынбасарынан журналистер депутаттардың ұсынысы туралы пікір білдіруін сұрады. Игорь Лепеха мас күйінде көлік жүргізгені үшін жауапкершілікті жеңілдетуге қарсы екенін айтты.

«Министрліктің ұстанымы – біз рөлге тек сау күйде отыру керек деп санаймыз. Мен мас күйінде көлік жүргізгені үшін жауапкершілікті жеңілдетуге қарсымын. Сондықтан көлікті тек сау күйде жүргізуге кеңес беремін», – деді Лепеха Мәжіліс кулуарында.

Қазақстандағы Құрылтай сайлауына халықаралық байқаушылар қандай баға берді? 

Орталық сайлау комиссиясының алаңында халықаралық байқаушылар Қазақстандағы Құрылтай депутаттарының сайлауына баға берді.

Шетелдегі барлық сайлау учаскесі жұмысын аяқтады 

61 мемлекетте дауыс берген Қазақстан азаматтарының жалпы саны 9 623 адамды құрады.

Құрылтай сайлауы: Алғашқы exit poll нәтижелері жарияланды 

Еуразиялық интеграция институтының мәліметінше, exit poll Қазақстанның 20 өңіріндегі 200 сайлау учаскесінде жүргізілген.

Астанада Құрылтай сайлауы күні 25 сәби дүниеге келді 

Қаладағы медициналық ұйымдардың мәліметінше, жаңа туған нәрестелердің 14-і – ұл, 11-і – қыз.