12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Салық органдарының ескертуінен кейін блогерлер қанша салық төледі?

Премьер-министрдің орынбасары — ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин салық төлемегендер тізіміне енген қазақстандық блогерлер қарыздарын өтей бастағанын айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Министр бүгінде ірі бизнес салық төлеуден жалтаруы немесе оны азайтуы үшін әртүрлі схема қолданатынын мәлімдеді. Жұманғариннің айтуынша, тәртіп орнату басталған, салық органдары да қажет шараларды қабылдап жатыр.

«Жұмыс жүріп жатыр, оны көріп отырсыздар, бірақ әзірге оған пікір білдірмеймін. Тиісті хабарламалар берілген және мұның бәрі камералдық бақылау негізінде жасалған. Бұл — салық комитетінің тұрақты жұмысы. Бұл жолы оның бір бөлігін, ішін көрсеттік», — деді вице-премьер Серік Жұманғарин.

Оның сөзінше, бұл «бюджетке қосымша табыс көзін іздеумен айналыспайды» деп жиі айтылатын салық органына қатысты сыннан туындаған.

«Салық комитеті жұмыс істеп жатқанын айта аламын. Тек осы жолы кейбір жайттар сіздер үшін ашық жарияланды, соның ішінде блогерлерге қатысты жайт та бар. 15 блогер 1,5 миллиард теңге қосып, бюджетке 75 миллион теңге төледі», — деді Жұманғарин.

Еске салайық, бұған дейін қазақстандық блогерлерге 53 млрд теңге төлеуге бір ай уақыт берілді. Мемлекеттік кірістер комитеті мәліметінше, 594 адам кірісін жалпы сомасы 53,3 миллиард теңгеге төмендеткен. Енді блогерлер нақтыланған салық есебін тапсырып, салық төлеуі керек немесе 30 жұмыс күні ішінде түсініктеме беруі қажет.

Мас күйде көлік жүргізгені үшін жазаны жеңілдету: ІІМ бұл ұсынысқа не дейді?

Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха Мәжіліс депутаттарының мас күйінде көлік жүргізгені үшін жазаны жеңілдету туралы ұсынысына қатысты пікір білдірді.

ШҚО “жеке уақыт белдеуіне“ көшіп жатыр: үкімет бұған қалай қарайды?

Вице-премьер – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Шығыс Қазақстан облысының кейбір аудандарының "жеке уақыт белдеуіне" көшуіне қатысты пікір білдірді.

Астанада бір пәтердегі тұрғындар санына шектеу енгізіледі

Астанада бір пәтерге тіркелетін тұрғындар санына шектеу енгізілуі мүмкін. Тиісті заңнамалық түзетулерді Мәжіліс депутаттары қарастырып жатыр.

Елімізде бес жыл ішінде мұғалімдердің жалақысы қалай өзгерді?

Қазақстанда 8 мыңға жуық орта білім беру ұйымында 400 мыңға жуық педагог жұмыс істейді.

ҚБТУ мемлекетке қайтарылды

Динара Құлыбаеваға қатысы бар Қазақстан-Британ техникалық университеті (ҚБТУ) мемлекет меншігіне қайтарылды.