12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Ортақ мүлікті бөлу ерекшеліктері

Қандай да болмасын даумен сотқа жүгінген азаматтардың даулары тек заң шеңберінде ғана шешілетіні анық. Сол сияқты ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін бөлу бойынша мәселелері Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексі (әрі қарай — Кодекс), Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексі (әрі қарай – АПК) және басқа да заңнамалармен көзделген заң талаптарына сай шешіледі.

Жоғарыда аталған заңнамалар ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін бөлу бойынша азаматтық дауларды шешудің іс жүргізу мәселелерін анықтайды. Ал, егер ерлі-зайыптылар (бұрынғы ерлі-зайыптылар) ортақ мүлікті бөлу туралы келісімге келе алмаған жағдайда, онда мұндай жағдайда аталған даулар медиация тәртібімен де шешілуге жатады. Яғни,медиация тәртібімен шешу дегеніміз — тараптар дауға айналған мүлікті бөлу мәселесін шешу барысында бір ортақ келісімге, шешімге, консенсусқа келу деген сөз. Бұл өз кезегінде екі тарапқа да тиімді болып табылады.

Кодекстің 37-бабына сәйкес, ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкiн бөлу ерлi-зайыптылардың кез келгенiнiң талап етуі бойынша некеде тұрған (ерлі-зайыпты болған) кезеңiнде де, ол бұзылғаннан кейiн де, сондай-ақ кредит берушi ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкiндегi ерлi-зайыптылардың бiреуiнiң үлесiнен өндiрiп алу үшiн ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкiн бөлу туралы талабын мәлiмдеген жағдайда да жүргiзiлуi мүмкiн.

Аталған норма бөлу нұсқаларын, оның ішінде ерлі-зайыптылардың келісімі бойынша қарастырады. Ортақ мүлікті бөлу туралы мұндай шарт жай жазбаша нысанда жасалады және міндетті түрде нотариалды куәландыруға жатады.

Жалпы, мүлікті бөлудің үш нұсқасы бар:

  1. тараптардың келісімі бойынша,
  2. медиация тәртібінде,
  3. сотта.

Сонымен қатар, ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкiн бөлу кезiнде сот тараптардың кәмелетке толмаған ортақ баланың мүдделерін ескере отырып, ерлi-зайыптылардың талап етуi бойынша ерлi-зайыптылардың әрқайсысына қандай мүлiктің берiлуге жататынын айқындайды. Егер ерлi-зайыптылардың бiреуiне құны оған тиесiлi үлестен асатын мүлiк берiлсе, екінші жұбайға тиісті ақшалай немесе өзге өтемақы алып берiледі.

Тек қана кәмелетке толмаған балалардың қажеттерiн қанағаттандыру үшiн сатып алынған заттар (аяқ киім, киiм-кешек, мектеп және спорт керек-жарағы, балалар кiтапханасы және басқалары) бөлуге жатпайды және балалары өзімен бiрге тұратын жұбайға өтемақысыз берiледi.

Сондай-ақ, ерлi-зайыптылар өздерiнiң кәмелетке толмаған ортақ балаларының атына ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкi есебiнен салған салымдары сол балаларға тиесiлi болып есептеледi және ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкiн бөлген кезде есепке алынбайды.

Ортақ мүлікті бөлу бойынша істi қараған кезеңде ерлi-зайыптылардың иелiгiнде болған немесе үшiншi тұлғада болған ортақ мүлiктерi бөлуге жататын мүлiктердiң құрамына кiредi. Егер сот ерлi-зайыптылардың бiрi ортақ мүлiктi иелiктен шығарғанын немесе өз қалауы бойынша, жұбайының қарсылығына және отбасының мүддесiне қарамастан сатып жiбергенiн немесе мүлiктi жасырғанын анықтаса, онда бөлу кезiнде бұл мүлiк немесе оның құны есепке алынады. Сол сияқты ерлi-зайыптылардың ортақ қарызы (Кодекстің 38-бабының 3-тармағы) және отбасы мүддесiнен туындаған мiндеттемелер жөнiндегi талаптар құқығы ескеріледi.

Кодекстің 35-бабына сәйкес, некеге (ерлі-зайыптылыққа) отыру кезiнде ерлi-зайыптылардың бiрiне, бiрақ некеге (ерлі-зайыптылыққа) отырғанға дейiн тиесiлi болған, сыйға тартылған, жеке қаражатына сатып алынған, мұраға немесе өзге ақысыз мәмілелер бойынша алынған мүлiк, сондай-ақ ерлi-зайыптылардың ортақ қаражаты есебiнен бiрiнiң жеке басына пайдалануға сатып алынған заттар, қымбат бағалы және басқа асыл заттардан басқалары ортақ меншiк болып саналмайды және бөлуге жатпайды.

Сондай-ақ, отбасылық қарым-қатынас және ортақ шаруашылықты жүргiзу нақты тоқтатылғаннан кейiн жұбайлар бiрлесiп мүлiк сатып алмаған болса, сот Заңның 35-бабының 2-тармағына сәйкес олардың ортақ шаруашылықты жүргiзу уақытына дейiнгi ортақ меншiгi болып келген мүлiктердi ғана бөле алатынын ескеру қажет.

Ортақ мүлікті бөлу мәселесін қарастыру барысында бөлінуге жататын мүліктің құны қалай анықталады деген сұрақ туындайды. Бұл жағдайда, яғни ортақ мүлікті бөлу тараптардың келісімі бойынша белгіленеді, мұндай келісім болмаған жағдайда оны сот сарапшысының қорытындысы негізінде сот анықтайтын болады.

Әрине, адамдар бір-бірімен қосылу, некеге тұру кезінде кейін ажырасамыз деген оймен үйленбейді, яғни неке бұзылған жағдайда ортақ мүлікті бөлу туралы ойламайтыны анық. Ал мұндай факт орын алған жағдайда ортақ мүлікті бөлу барысында тараптар үшін ең қолайлысы мүлікті өзара келісім бойынша бөлу болып табылады, немесе ерлі-зайыптылар арасында неке келісім шартын жасау мәдениетін қалыптастыру қажет деген ойдамын.

Жамбыл облысы кәмелетке

толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған

ауданаралық сотының судьясы Ляззат Сейдханқызы Байтленова

«Жыр алыбы- Жамбыл!» атты әдеби-кеш балалар колониясында өтті

Алматы қаласы бойынша ҚАЖД №11 мекемесінде Заманына «XX ғасырдың...

Қылмыстық, әкімшілік құқық бұзушылық бойынша істерді медиация тіртібімен реттеу

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының алға қойған реформаларының бірі -...

Сотрудники УИС выразили благодарность матери за воспитание достойного поколения

В области Абай администрация учреждения №19 поздравила маму примерного...

Опыт цифровой трансформации

Состоялась встреча в рамках рабочей поездки в и развития...

ҚАЖ қызметкерлері саналы ұрпақ тәрбиелеген анаға алғыс білдірді

Абай облысында №19 мекеменің әкімшілігі, «Алғыс айту күні» қарсаңында...