Депутаттар Руслан Берденовтің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатты

Руслан Берденов енді Мәжіліс депутаты емес. Депутаттар Берденовтің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуға дауыс берді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бүгін жалпы отырыста Мәжіліс депутаты Руслан Берденовтің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату мәселесі қаралды.

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Руслан Берденовке алғыс хат табыс етті.

«Барлық депутаттың атынан Руслан Арысбекұлына Мәжіліс қабырғасында белсенді жұмыс істегені үшін алғысымды білдіремін», — деді Қошанов.

Айта кетейік, жуырда Руслан Берденов жаңа қызметке тағайындалды. Ол Шымкент қаласы әкімінің орынбасары болды.

Бұған дейін ол Парламент Мәжілісінің Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі болған еді.

Берденов туралы не белгілі?

1985 жылы 6 наурызда Шымкент қаласында дүниеге келген. 2006 жылы менеджмент мамандығы бойынша әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген. 2009 жылы КИМЭП университетін Іскерлік басқару магистрі (MBA) дәрежесімен бітірді.

  • Еңбек жолын 2005 жылы «Алматы құс» ААҚ («Сеймар»тобы) компаниясының бөлшек сауда директоры қызметінен бастады.
  • 2007 жылғы ақпан — 2010 жылғы шілде Procter & Gamble компаниясының бас логистикалық үйлестірушісі.
  • 2010 жылғы шілде — 2012 жылғы қараша «Eastcomtrans» ЖШС жылжымалы құрамды жалдау бөлімінің бастығы.
  • 2012 жылғы қараша — 2018 жылғы мамыр «Ақ ниет» ЖШС бас директоры.
  • 2018 жылғы қараша — 2019 жылғы сәуір «Ақ ниет» ЖШС байқау кеңесінің мүшесі.
  • 2019 жылғы сәуір — 2023 жылғы наурыз Aq niet Group байқау кеңесі төрағасының орынбасары.
  • 2023 жылғы 29 наурыздан бастап «Respublica» партиясының партиялық тізімі бойынша VIII сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі.
  • 2023 жылғы наурыздан бастап VIII сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты «Respublica» партиясының партиялық тізімі бойынша сайланды.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың қарсылығынан кейін Құрылтай депутаттары мемлекеттік наградалар туралы заңды қайта қарады 

Депутаттар Президенттің ұсынысын қолдап, мемлекеттік наградалар туралы заңның жекелеген нормаларын жаңа редакцияда қабылдады.

Қарапайым суық тиюге ұқсайды: Дәрігерлер қауіпті инфекцияның таралып жатқанын айтты 

Инфекциясы бастапқыда суық тиюге ұқсап, кейін ауыр асқынуларға әкелуі мүмкін.

Елімізде 870 мың адам баспана күтіп жүр. Биыл қанша үй салынады?

Қазақстанда тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтардың саны 870 мыңға жетті. Бұл туралы құрылыс және өнеркәсіп министрі Ерсайын Нағаспаев үкіметтегі брифиңде айтты.

Қазақстанның АҚШ-қа экспорты күрт өсті 

2026 жылдың алғашқы тоғыз айында Қазақстан мен АҚШ арасындағы тауар айналымы 2,89 млрд долларға жетті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 24,4%-ға көп.

Қазақстанда ҰБТ форматы өзгереді: Талапкерлерді қандай жаңалық күтіп тұр 

Қазақстанда жоғары оқу орындарына түсу емтиханының жаңа форматы әзірленіп жатыр. Ол талапкерлердің пәндік білімін ғана емес, сыни ойлауын, цифрлық сауаттылығын, жасанды интеллектпен жұмыс істеу дағдыларын және ақпаратты талдау қабілетін бағалауға мүмкіндік береді.