12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Кассациялық соттың маңызы зор!

Елімізде кассациялық соттардың құрылуы саладағы маңызды өзгерістердің бірі болып отыр. Бұл реформа елімізде әділетті сот жүйесін күшейтіп, азаматтардың құқықтарын қорғауды жақсартуға бағытталған. Осы тұрғыдан алғанда кассациялық соттар сот жүйесінде жаңа деңгей ретінде әрекет етіп, сот актілерін қайта қарауға және заңды қадағалауды күшейтуге жол ашады деп күтіліп отыр. Яғни, Қазақстанда енгізіліп жатқан кассациялық соттар – сот жүйесін жаңғыртуға арналған жаңа инстанция деуге болады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өткен жылдың қыркүйек айында отандық бизнес өкілдерімен кездесу барысында азаматтардың құқықтарын сапалы қорғауды қамтамасыз ету үшін жекелеген кассациялық соттар құрудың маңыздылығы туралы атап өтті. Осыдан соң Президент тапсырмасымен құрылып жатқан кассациялық соттардан күтер үміт зор болып отыр. Жүйенің негізгі міндеті – әділдікті қамтамасыз ету, қателіктер мен заң бұзушылықтардың алдын алу, сондай-ақ апелляциялық соттардың шешімдерін қайта қарау мүмкіндігін ұсыну. Кассациялық соттардың негізгі міндеті – сот шешімдерінің заңдылығын тексеру. Олар апелляциялық соттардың шешімдерін құқықтық тұрғыдан бағалап, заң талаптарына сай болуын қадағалайды. Бұл жаңа инстанция сот қателіктерін түзетіп, заңнаманың біркелкі қолданылуын қамтамасыз етуге бағытталған дей аламыз. Кассациялық соттар сот шешімдерін қосымша тексеру арқылы заңдылық пен әділдікті орнатуға жола ашады. Яғни сот қателіктерін анықтап, дұрыс емес шешімдерді түзетуге мүмкіндік береді. Сот шешімі бір емес кейде бірнеше адамның тағдырына әсер ететін болғандықтан сот шешімдерінің барынша мұқият екшеліп, бірнеше тексеруден өтуі де әділірек. Президент атап өткендей, бұл жүйе жоғарғы соттың жүктемесін азайтуға да ықпал етпек. Бұрын кассациялық шағымдар тікелей жоғарғы сотқа берілсе, енді жаңа кассациялық соттар бұл міндетті өзіне алып, жоғарғы сот тек ең күрделі істерді қарастырады. Жүктемені азайту арқылы барынша әрбір істің мұқият зерделенуіне мүмкіндік беріледі. Сот шешімдерінің сапасын арттыру айналып келгенде халықтың наразылығын азайтуға әділетті Қазақстан құруға қадам болмақ. Осы тұрғыдан келгенде кассациялық соттар сот шешімдерінің сапасын жақсартуға және заңдардың дұрыс әрі біркелкі қолданылуын қамтамасыз етуге ықпал етеді деп күтіліп отыр.

Ең бастысы, бұл кассациялық орган толық тәуелсіз болады. Жаңа жүйе аясында қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер бойынша үш кассациялық сот құрылмақ. Кассациялық тәртіптегі істер алдын ала қараусыз, бірден үш судьядан тұратын алқаға жіберіледі. Кассациялық соттардың құрылуы Қазақстанның сот жүйесін одан әрі дамытуға, сот шешімдерінің сапасын арттыруға және азаматтардың құқықтарын қорғауға бағытталған маңызды қадам болады деп күтіліп отыр.

Жалпы осыларды екшей келе айтарымыз кассациялық сот азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауда маңызды рөл атқарады. Әділетті қоғам, жемқорлықсыз жүйе құру жолында атқарылып жатқан бұл өзгерістердің барлығы халықтың көңілінен шығарына сенім мол!

К.М. Мекемтас, Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының төрағасы

Ерлі-зайыптылардың арасындағы дауды бейбіт жолмен шешу

Елімізде татуластыру рәсімдерін дамыту дауларды шешудің және азаматтар мен...

Төлем қабылеттілігін қалпына келтіру тиімді

Бүгінде қазақстандықтар онлайн және офлайн режимде банкроттыққа өтінім беру...

ТЕРГЕУ СУДЬЯСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТ АУҚЫМЫ АРТА ТҮСТІ

Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексіне де сәйкес толықтырулар мен өзгерістер...

Банкроттықтың да өз салдары бар

Қазақстан Республикасының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттық туралы...

Заман қамын, адам қамын ойлаған сот жүйесі

«Адам қайғысы – заман қайғысы» деп бабаларымыз айтқандай, әрбір...