12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Заман қамын, адам қамын ойлаған сот жүйесі

«Адам қайғысы – заман қайғысы» деп бабаларымыз айтқандай, әрбір сотқа келген адамның арызының заңды шешімін табуы маңызды. Ең бірінші заң кірпішін салған Төле, Қазбек, Әйтеке билер жазған «Жеті жарғы» бастамасы қазақтың әділдік жолы болғандықтан, ата-бабаларымыздың осы бағытта даналығы қазіргі жетістіктерге жеткізіп отыр. «Заман қамын ойлаған — саналықтың белгісі, адам қамын ойлаған – даналықтың белгісі», «Болар адам он бесінде бас болар, болмас адам қырық бесінде жас болар» дегендей тәрбиені ұстанып, заман мен адам қамын ойлап, саналық пен даналықты бойына сіңіріп өскен баланың ой-өрісі, ақылдығы ақсақал қариялардың жасындай даналықпен ерекшеленіп өссе кәмелет жасына толмаған жас жеткіншектердің қылмысы да азаяр еді.

Отбасы бұзылғаннан кейін алименттен жалтаратын әкелер де көбіне жұмыстың жоқтығын жеткізеді, алайда ата-бабаларымыз «Жақсы болар жігіттің жұмыссыз жүрген күні жоқ, жаман болар жігіттің екі жұмысқа қыры жоқ, ынта болса адамда қиын іс жоқ ғаламда» деп бекер айтпаған.

Судьяға жүктелген жауапкершіліктің артында адам тағдыры тұрғандықтан оның жүгі ауыр. Ал әр істің мән-жәйына түбегейлі еніп, дәлелдерімен сараптап, әділ шешім шығару біз үшін маңызды.

Маңғыстау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 2024 жылы 3813 азаматтық іс қаралған, 2023 жылы бұл көрсеткіш 1234 істі құраған,  яғни 2023 жылмен салыстырғанда 2024 жылы 2579 іске көбейген. 2024 жылғы 110 қылмыстық іс қаралса, 2023 жылы 71 іс бойынша түпкілікті үкім қабылданған. 2024 жылы 25, 2023 жылы 10 әкімшілік іс қаралған.

Сотта даулы істерде бірінші татуластыру шаралары ұсынылып, бітімгершілікке келу жолын көрсетеді. Осы бағытта қабылданған «Медиация туралы» заңның да маңызы өте зор.

2023 жылы 33 іс жүргізу тоқтатылған,  яғни  статистикалық мәліметтерге сүйенсек, 2024 жылы 72 татуласу келісімі, 12 медиациялық келісім бекітілген, 2 іс партисипативтік рәсім арқылы шешімін тапқан.

Сотпен қаралатын азаматтық істер әке болуды анықтау және кәмелетке толмаған баланы күтіп-бағу үшін алимент өндіру, әке болуды даулау, алимент өндіру, ерлі-зайыптыларды асырауға алимент өндіру, алимент мөлшерін азайту, ата-ана құқықтарын шектеу немесе айыру, ата-ана құқықтарын қалпына келтіру, балалардың тұрғылықты жерін айқындау, балалармен кездесу тәртібін анықтау, бала асырап алу, бала асырап алудың күшін жою, неке бұзу, ортақ мүлікті бөлу, кәмелетке толмағанның қатысуымен келтірілген материалдық және моральдық зиянды өндіру және т.б. санатарына бағытталған.

Сот тарапынан тағы бір жетістікке апаратын Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 5 шілдеде қол қойған Конституциялық заңына енгізілген толықтырулар мен өзгерістер бойынша 2025 жылдың 1 шілдесінен бастап дербес кассациялық соттар қызметін бастайтынын айта кету керек. Кассациялық соттар бірінші және аппелляциялық сатыдағы судьялар қабылдағын сот шешімдерінің заңға сәйкестігін қарап, әділдікті қамтамасыз ету.

Сонымен қатар сыбайластық жемқорлыққа жол бермеу мақсатында сот қызметкерлеріне түсіндіру жұмыстары үздіксіз жүргізілуде. «Қайғысы жоқ адамға қара көже балмен тең, қайғысы көп адамға кең дүние жармен тең» деп айтқандай қайғысыз, адал жолмен жүруді алға ұстаймыз.

Сөзімді «Балаң жақсы болса екі көздің шырағы, атың жақсы болса бұл дүниенің пырағы, алған жарың жақсы болса абыройыңның тұрағы» дегендей, жақсы бала тәрбиелеп, қандай жағдай болмасын абыройды алға ұстаным еткен жөн деп аяқтағым келеді.

Жаңылхан Талапбаевна Жусупова, Маңғыстау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы

Банкроттықтың да өз салдары бар

Қазақстан Республикасының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттық туралы...

Судья –әділдік айнасы

Халқымызда «Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ»...

Кассациялық соттар заң үстемдігін орнатады

Судьялар қауымдастығының  IX съезінде Мемлекет басшысы сот жүйесін одан...

Кассациялық соттардың құрылуы мен қызметі

Бүгінде сот жұмысын жетілдіру мемлекеттің негізгі міндеттерінің бірі екені...

Әкімшілік істерде татуласқан тиімді

Елімізде «Халық үніне құлақ асатын мемлекет», «Еститін Үкімет» қағидасын...