12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Судья –әділдік айнасы

Халқымызда «Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» деген аталы сөз бар. Мұның мағынасы – билік айтушы ешкімді алаламайтын, адал, қарақылды қақ жарған әділ болу деген бабадан қалған астарлы ұғым. Судьялар да даулы мәселелерде түйінді шеше білетін, әділдікті ту еткен тұлғалар.

Бүгінгі мақалаға арқау болып отырған кейіпкеріміз, мәртебелі мамандық биігінде болған, сот жүйесінің дамуына үлес қосып, заң үстемдігін орнатуды мақсат еткен мерейтой иесі Зия Айтмағамбетқызы Жаксыбекова болмақ.

Зия Айтмағамбетқызы күнделікті жұмысында әділдіктің туын биік ұстап, ар мен заңды басшылыққа ала отырып, 25 жылдам астам  судья лауазымында абыройлы еңбек еткен отставкадағы судья.

Заңгер мамандығы бойынша Қарағанды мемлекеттік университетін бітіргеннен кейін 1974 жылы еңбек жолын сол университетте хатшы болып бастайды.  1981 жылы Қарағанды облыстық сотына кеңсе меңгерушусі қызметіне орналасады. Абай қалалық халық, Қарағанды қаласының Октябрь аудандық, Қарағанды облыстық соттарының судьясы қызметтерін атқарды. 2013 жылы Қарағанды облыстық сотының судьясы қызметінен құрметті отставкаға шықты. 

Зия Айтмағамбетқызы «Қазақстан Республикасының сот жүйесіне 30 жыл» медалімен, Қазақстан Республикасы Судьялар Одағының «Үш би»  төсбелгісімен, облыстық және аудандық сот төрағаларының құрмет грамоталарымен және көптеген алғыс хаттарымен марапатталған.

Зия Айтмағамбетқызымен бірге қызмет атқарған кезеңі туралы Қарағанды облыстық сотының судьясы Алия Жошева: «Қарағанды облыстық сотының ұжымы Сізді 70 жас мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтайды! Біз Зия Айтмағамбетқызының орасан зор тәжірибесін және сот төрелігіне қосқан үлесін жоғары бағалаймыз. Осы ерекше күні Қарағанды облыстық сотының ұжымы Сізге көп жылғы адал еңбегіңіз және сот жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесіңіз үшін зор алғыс білдіреді. Сіздің әділеттілікке деген ұмтылысыңыз әрқашан бәрімізге үлгі болды. Бойыңыздағы мейірімділік, әдептілік пен ұстамдылық сияқты жағымды қасиеттеріңіз бізге үлгі-өнеге. Зия Айтмағамбетқызы өз ісінің кәсіби маманы, адалдық пен әділеттіліктің үлгісі. Оның баға жетпес кәсібилігін, жинақталған тәжірибесін, сот процесін және жалпы жұмысты шебер ұйымдастыру қабілетін ерекше атап өткім келеді.

Мерейтойы қарсаңында Зия Айтмағамбетқызына зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, бақ-береке, табыс пен барлық бастамаларына сәттілік тілеймін!» — деп жылы лебізін арнады. Біз де өз тарапымыздан Зия Айтмағамбетқызын 70 жас мерейтойымен құттықтай отырып, зор денсаулық, амандық, ұзақ өмір, қажымас қайрат тілейміз!Әрқашан абырой биігінен көрінуіңізге  тілектеспіз!

Қарағанды облыстық сотының баспасөз қызметі

Банкроттықтың да өз салдары бар

Қазақстан Республикасының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттық туралы...

Заман қамын, адам қамын ойлаған сот жүйесі

«Адам қайғысы – заман қайғысы» деп бабаларымыз айтқандай, әрбір...

Кассациялық соттар заң үстемдігін орнатады

Судьялар қауымдастығының  IX съезінде Мемлекет басшысы сот жүйесін одан...

Кассациялық соттардың құрылуы мен қызметі

Бүгінде сот жұмысын жетілдіру мемлекеттің негізгі міндеттерінің бірі екені...

Әкімшілік істерде татуласқан тиімді

Елімізде «Халық үніне құлақ асатын мемлекет», «Еститін Үкімет» қағидасын...