12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Алматы облысының бұрынғы әкімі Аңсар Мұсаханов қайтыс болды

Алматы облысының бұрынғы әкімі Аңсар Мұсаханов өмірден озды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Парламент Сенатының депутаты Жанболат Жөргенбаев Facebook-парақшасында хабарлады.

«Қоғам және мемлекет қайраткер, ардақты азамат, асыл дос Мұсаханов Аңсар Тұрсынханұлының дүниеден озуына байланысты қайғыларыңызға ортақтасып, көңіл айтамын. Осындай ауыр күнде қаралы көңілдеріңізге жұбаныш, қайысқан қабырғаларыңызға медет тілеймін», -деп жазыды Жанболат Жөргенбаев.

Алматы облысының әкімдігі Ансар Мұсахановтың 19 ақпанда қайтыс болғанын хабарлады.

Ансар Мұсаханов 1966 жылы 31 шілдеде Алматы облысының Айдарлы ауылында дүниеге келген. Еңбек жолын ауыл шаруашылығы саласында бастаған. Әр жылдары Алматы облысының Жамбыл және Қарасай аудандарының әкімі, сондай-ақ Президент Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы қызметтерін атқарған.

2011-2014 жылдары Алматы облысының әкімі болған. 2014-2020 жылдары ҚР Парламенті Сенатының депутаты қызметін атқарды. «Құрмет» орденінің иегері.

На грани безработицы

ПАРЛАМЕНТАРИИ ПРЕДУПРЕДИЛИ О РИСКАХ РОСТА БЕЗРАБОТИЦЫ И УСИЛЕНИЯ СОЦИАЛЬНОГО НАПРЯЖЕНИЯ В СЕЛЬСКОЙ МЕСТНОСТИ В СВЯЗИ С ИЗМЕНЕНИЯМИ ПОРЯДКА ОРГАНИЗАЦИИ ОПЛАЧИВАЕМЫХ ОБЩЕСТВЕННЫХ РАБОТ.

Перизат Қайрат колонияда жұмыс істей ме?

Жарты жыл бұрын Перизат Қайрат алаяқтық қылмысына байланысты 10 жылға сотталды.

2029 жылғы қысқы Азия ойындары Алматыда өтеді

Алматы қаласы 2029 жылы өтетін қысқы Азия ойындарының ресми ұйымдастырушысы болып бекітілді.

Астанада оқушылар түстен кейін онлайн оқитын болды

Бұл туралы қаланың білім басқармасы мәлімдеді.

Ерлан Өтегенов Бас прокурордың орынбасары болып тағайындалды

Ерлан Өтегенов Бас прокурордың орынбасары лауазымына тағайындалды,