12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

ІІМ Қазақстанда рақымшылық жасау идеясын қолдады: ол кімдерге қатысты болады?

ІІМ Мәжіліс депутаты Қарақат Әбденнің сотталған әйелдерге рақымшылық жасау туралы ұсынысына жауап берді. Бұған дейін депутат министрлікке тиісті депутаттық сауал жолдаған болатын, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ІІМ-нің жауабында «мұндай амнистия актісін қолдану туралы ұсыныс тұжырымдамалық тұрғыдан қолдау табады» делінген.

Амнистияны қарастыру барысында министрлік қылмыстың ауырлығымен қатар сотталғандардың әлеуметтік жағдайын да ескеруді ұсынады. ІІМ мәліметінше, қазіргі уақытта жазасын өтеп жатқан әйелдердің ішінде: 29-ы мүмкіндігі шектеулі, 243-і 60 жастан асқан, 13-і жүкті, 58-і кішкентай балалары бар, 226-сы көпбалалы аналар.

«Сондай-ақ, өтелмеген материалдық талаптары бар әйелдердің (3910 адам) жазасын жеңілдету, бас бостандығынан айыруды басқа жазалау түріне ауыстыру қарастырылуы керек», – делінген министрліктің жауабында.

Сонымен қатар, ІІМ ауыр және аса ауыр қылмыстар үшін жазасын өтеп жатқан 5055 әйелдің жаза мерзімін қысқартуды мүмкін деп санайды.

Ал жеңіл және орташа ауырлықтағы қылмыстар үшін жазасын өтеп жатқан 1220 әйелді босату мүмкіндігі қарастырылуы мүмкін.

«Бірінші рет сотталған және зорлық-зомбылықсыз қылмыс жасаған әйелдерді босату мәселесі қосымша талдауды қажет етеді, сонымен қатар жәбірленушілердің құқықтарын қорғау да ескерілуі тиіс», – деп толықтырды ІІМ.

Министрліктің есебінше, екі мыңнан астам сотталушының босатылуы бюджетке күніне 5,8 миллион теңге, жылына 2,1 миллиард теңге үнемдеуге мүмкіндік береді.

«Бұл шара гуманизм қағидаттарын көрсетудің, мемлекеттің әлеуметтік саясатын қолдаудың, әйелдерді қоғамға бейімдеудің, отбасылық құндылықтарды нығайтудың, балалардың құқықтарын қорғаудың, сондай-ақ мемлекеттік шығындарды оңтайландырудың және сотталғандардың ұстау жағдайын жақсартудың бір көрінісі болады, – деді министрлік өкілдері.

Бұған дейін Мәжіліс депутаты Қарақат Әбден Қазақстан Конституциясының 30 жылдығына орай сотталған әйелдерді амнистиялау туралы ұсыныс жасаған болатын.

На грани безработицы

ПАРЛАМЕНТАРИИ ПРЕДУПРЕДИЛИ О РИСКАХ РОСТА БЕЗРАБОТИЦЫ И УСИЛЕНИЯ СОЦИАЛЬНОГО НАПРЯЖЕНИЯ В СЕЛЬСКОЙ МЕСТНОСТИ В СВЯЗИ С ИЗМЕНЕНИЯМИ ПОРЯДКА ОРГАНИЗАЦИИ ОПЛАЧИВАЕМЫХ ОБЩЕСТВЕННЫХ РАБОТ.

Перизат Қайрат колонияда жұмыс істей ме?

Жарты жыл бұрын Перизат Қайрат алаяқтық қылмысына байланысты 10 жылға сотталды.

2029 жылғы қысқы Азия ойындары Алматыда өтеді

Алматы қаласы 2029 жылы өтетін қысқы Азия ойындарының ресми ұйымдастырушысы болып бекітілді.

Астанада оқушылар түстен кейін онлайн оқитын болды

Бұл туралы қаланың білім басқармасы мәлімдеді.

Ерлан Өтегенов Бас прокурордың орынбасары болып тағайындалды

Ерлан Өтегенов Бас прокурордың орынбасары лауазымына тағайындалды,