Президент Әкімшілігінде кадрлық өзгерістер болды

Дәурен Ерғарин Президент Әкімшілігінің Құқық қорғау жүйесі бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

«Мемлекет басшысының өкімімен Дәурен Тілекұлы Ерғарин Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Құқық қорғау жүйесі бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды», -делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұл қызметті атқарған Алексей Калайчиди Мемлекет басшысының өкімі бойынша лауазымынан босатылды.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысының өкімі бойынша, Ербол Адаев Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Жалпы бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды. Бұл қызметті атқарған Нұрдәулет Төлеев лауазымынан босатылды.

Алматы жолдарына жасырын патрульдер шықты

Алматы қаласында "STOP бұзушылық" тақырыбында ауқымды жедел алдын алу іс-шарасы аясында жолдарда жасырын патрульдеу форматы енгізілді.

ЖИ жүргізушілерді қалай бақылайды: Қазақстан жолдарында не өзгеруде? 

Қазақстанның республикалық маңызы бар жолдарында жасанды интеллектіні қолдана отырып, интеллектуалды көлік шешімдерін жүйелі түрде енгізу жалғасуда.

Декреттегі аналар жұмыссыз ретінде төлем ала ала ма? – Ресми жауап 

Қазақстанда жұмысынан айырылғандарға мемлекет төлем береді.

ЕО-да жанармай бағасы қымбаттады: 5 ел энергетикалық компанияларға салық енгізуді ұсынды 

Италия, Германия, Испания, Португалия және Австрия Еуроодақтан энергетикалық компаниялардың артық пайдасына салық енгізуді сұрады.

Иранда 30-дан астам университетке соққы жасалды 

28 ақпаннан бері АҚШ пен Израильдің Иранға жасаған соққылары басталғалы елде 30-дан астам университет шабуылға ұшырап, салдарынан 60 студент қаза тапты.