12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

17 ақпанға арналған ауа райы болжамы

Қазгидромет 17 ақпан, дүйсенбіде Қазақстан тұрғындарын қандай ауа райы күтетінін айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астана
Елордада күн құбылмалы, кей жерлерде аздаған қар жауады. Бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең тұман түсіп, көріну қашықтығы төмендеуі мүмкін. Жел оңтүстік-батыстан 9-14 м/с, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с дейін жетеді. Температура: түнде -9…-11°C, күндіз -3…-5°C.

Алматы
Алматыда құбылмалы бұлтты ауа райы күтіледі. Түнде және таңертең аздаған қар жауады. Тұман түсіп, жолдарда көктайғақ болуы ықтимал. Жел шығыстан 2-7 м/с. Температура: түнде -4…-6°C, күндіз 0…+2°C.

Шымкент
Шымкентте жауын-шашынсыз, ашық ауа райы күтіледі. Түнде тұман түсуі мүмкін. Жел оңтүстік-шығыстан 5-10 м/с. Температура: түнде -3…-5°C, күндіз +7…+9°C.


Ақмола облысы
Облыстың батысы, солтүстігі және шығысында аздаған қар жауады, бұрқасын, көктайғақ және тұман күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан 9-14 м/с, кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз екпіні 23-28 м/с дейін күшеюі мүмкін. Температура: түнде -7…-12°C, шығыста -15°C, күндіз -1…-6°C.

Алматы облысы
Түнде облыстың оңтүстігі мен таулы аймақтарында аздаған қар жауады, күндіз жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын күтіледі. Тұман түсіп, көктайғақ болады. Жел шығыстан 9-14 м/с. Температура: түнде -3…-8°C, таулы аймақтарда -11…-16°C, күндіз -2…+3°C, солтүстікте және таулы аудандарда -5…-10°C.

Жетісу облысы
Таулы аймақтарда қар жауады. Кей жерлерде тұман болады. Жел шығыстан 9-14 м/с. Температура: түнде -6…-15°C, таулы аудандарда -19°C, күндіз -3…+2°C, оңтүстікте +5°C, таулы аймақтарда -8°C.

Түркістан облысы
Тау бөктерлерінде қар жауады. Кей жерлерде тұман түседі. Жел оңтүстік-шығыстан 8-13 м/с. Температура: түнде -5…0°C, таулы аудандарда -8°C, күндіз +5…+10°C, таулы аудандарда +1°C.

Батыс Қазақстан облысы
Түнде облыстың оңтүстігі мен шығысында қар жауып, көктайғақ болады. Батысы мен солтүстігінде тұман күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан 9-14 м/с. Температура: түнде -10…-15°C, оңтүстікте -7°C, күндіз -5…-10°C, оңтүстікте -2°C.

Атырау облысы
Жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Көктайғақ және тұман күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысып, 9-14 м/с жылдамдықпен соғады. Температура: түнде -5…-10°C, батыста -2°C, күндіз 0…-5°C, батыста +2°C.

Маңғыстау облысы
Батыс пен солтүстікте жаңбыр, қар жауып, тұман және көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан солтүстік-шығысқа ауысып, 9-14 м/с, батысы мен солтүстігінде 15-20 м/с дейін жетеді. Температура: түнде 0…+5°C, солтүстік пен шығыста -3°C, күндіз +2…+7°C, оңтүстікте +10°C.

Ақтөбе облысы
Жауын-шашын (қар, жаңбыр), солтүстік пен батыста күшті қар жауады. Бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан батысқа ауысып, 9-14 м/с, солтүстік пен шығыста 15-20 м/с дейін күшеюі мүмкін. Температура: түнде -1…-6°C, солтүстік-батыста -9°C, күндіз -4…-6°C, кейін суытады.

Қостанай облысы
Батыс, солтүстік және шығыс бөліктерінде қар жауып, боран болады. Көктайғақ пен тұман күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан 9-14 м/с, солтүстік, батыс және шығыста 15-20 м/с, кей жерлерде 23-28 м/с дейін күшеюі мүмкін. Температура: түнде -3…-8°C, шығыста және оңтүстікте -11°C, күндіз 0…-5°C, солтүстік-батыста -8°C.

Солтүстік Қазақстан облысы
Оңтүстік пен батыста қар жауады, күндіз қар мен жаңбыр аралас болады. Жел оңтүстік-батыстан 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с дейін жетуі мүмкін. Температура: түнде -12…-17°C, күндіз -1…-6°C.

Павлодар облысы
Жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Кей жерлерде тұман болады. Жел оңтүстіктен 5-10 м/с. Температура: түнде -15…-20°C, батыста -12°C, күндіз -4…-9°C.

Қарағанды облысы
Түнде және таңертең аздаған қар жауады. Көктайғақ пен тұман болуы мүмкін. Жел оңтүстіктен 9-14 м/с. Температура: түнде -9…-14°C, батыста -6°C, шығыста -17°C, күндіз -1…-6°C, шығыста -9°C.

15 наурыз — Қайырымдылық жасау күні

Бүгін наурызнама бойынша қайырымдылық күні. Сондай-ақ мейірімділік пен татулық насихатталатын күн.

Қазақстандықтар такси шақыру бойынша рекордты жаңартты

Қазақстанда 2025 жылдың қаңтар-ақпан айларында такси қызметтеріне сұраныс рекорд көрсеткішке жетті. Бұл кезеңде такси арқылы 20,6 миллион жолаушы қатынаған, бұл былтырғы сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,4 есе көп.

Келесі Ұлттық құрылтай қайда өтетіні белгілі болды

Қасым-Жомарт Тоқаев келесі Ұлттық құрылтай қайда өтетінін айтты.

Қазақстанда Президент жанындағы Ядролық энергетика агенттігі құрылады

Қазақстанда Президент жанындағы Ядролық энергетика агенттігі құрылады. Бұл туралы...

Президент қазақстандық кинодағы тенденциялар туралы айтты

Мемлекет басшысы қазақстандық кинематография туралы айтты. "Тағы бір түйткіл –...