Лифтідегі шабуыл: 5 жасар баланың жағдайы туралы не белгілі?

Елордалық тұрғын үй кешендерінің бірінде шабуыл жасалған бес жастағы бала бетінің жұмсақ тіндерінен көптеген кесілген жарақаттар алып, қазіргі уақытта ем қабылдап жатыр, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бүлдіршін №2 көпсалалы қалалық балалар ауруханасының жақ-бет хирургиясы бөлімінде емделіп жатыр.

«Антибактериалды терапия мен физиотерапия жалғасып жатыр. Ісіну күшейген жоқ, динамика оң көрсеткіште. Сондай-ақ, күнделікті таңу процедуралары жүргізіліп жатыр», – деп хабарлады Денсаулық сақтау басқармасы.

Еске салайық, 2025 жылы 11 ақпанда Астанада 14 жастағы жасөспірім лифтіде балаға пышақпен шабуыл жасаған. Оқиғаны тергеу кезінде кәмелет жасына толмаған жасөспірім психоневрологиялық диспансерде есепте тұрғаны анықталған.

Астана Полиция департаменті бастығының орынбасары Қуаныш Орынбетовтің айтуынша, балаға жасалған шабуыл бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Қалалық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, зардап шеккен бала бес жаста. Оқиғадан кейін ол көпсалалы №2 қалалық балалар ауруханасының жақ-бет хирургиясы бөліміне жатқызылған.

Қазақстанда 5 мыңнан астам оқушы жұмыс істеп жүр

Министрдің айтуынша, елімізде еңбек қызметіне рұқсат етілген 14 пен 18 жас аралығындағы жасөспірімдердің саны 1,7 миллионға жетеді.

Елімізде көмірден газ бен дизель отыны өндірілмек 

Қазіргі уақытта елде көмір химиясы саласындағы үш ірі жоба жүзеге асырылуда.

Ұлттық қор, тегін тамақ және жазғы демалыс: Қазақстан балаларына қандай жағдай жасалған? 

Қазақстанда балалар саны 6,9 миллионнан асты. Мемлекет білім беру, әлеуметтік қолдау, қауіпсіздік және денсаулық сақтау бағыттарында жаңа бастамаларды іске асырып жатыр.

Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Балаларды қорғау күнімен құттықтады

Президент биыл «Қазақстан балалары» тұжырымдамасының іске асырыла бастағанын айтып, жас ұрпақты қолдау Әділетті әрі Озық Қазақстанды құру жолындағы негізгі басымдықтардың бірі болып қала беретінін жеткізді.