Қазақстанда доллар бағамы тағы арзандады

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда-саттық нәтижесі бойынша, АҚШ долларының теңгеге шаққандағы бағамы 4,94 теңгеге арзандап, орташа есеппен 501,31 теңгені құрады.
Ұлттық банк 12 ақпанға белгіленген ресми бағамды бір доллар үшін 506,43 теңге деп бекітті. Сонымен қатар, Ресей рублінің орташа бағамы 5,28 теңге, ал еуро 522,43 теңге деңгейінде қалыптасты.  

Kurs.kz мәліметіне сәйкес, Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар 506 теңгеден сатылып, 502 теңгеден сатып алынуда. Еуро бағамы 520-525 теңге аралығында өзгеріп отыр.  

Астана қаласында долларды 507 теңгеден сатып алуға болады, ал сатып алу бағамы 501 теңге. Еуро 526 теңгеден сатылып, 519 теңгеден сатып алынуда.  

Қазіргі таңда Ресей рублі ақша айырбастау орындарында 5,24 — 5,35 теңге аралығында саудалануда.

Еске салсақ, сарапшылар осыған дейін доллар бағамын 550-560 теңгеге дейін өседі деп болжаған.

Алматыда Тоқаевтың төрағалығымен ЖИ дамыту жөніндегі кеңестің екінші отырысы өтті

Мемлекет басшысы жиында сөйлеген сөзінде әлем технологиялық трансформацияның мүлдем жаңа кезеңіне қадам басқанына назар аударды.

Мемлекет басшысы: «Цифрлық теңгені кеңінен қолдану шын мәнінде «ойын ережесін» өзгертеді

Қасым-Жомарт Тоқаев экономиканы цифрландыру заман талабы екенін айтты.

Мегаполистерде баспана бағасы жылдам өсіп жатыр

Наурыз айында өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда жаңа тұрғын үй Астанада 20,7%, Алматыда 20,2%-ға қымбаттаған.

Комадағы науқастарға мүгедектік рәсімдеу жеңілдетіледі 

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі өмірлік қиын жағдайға тап болған азаматтарды қолдау тетіктерін жетілдіру бағытында жаңа өзгерістер ұсынды.

2026 жылы Қазақстанда қанша шетелдік жұмыс істей алады 

Қазақстанда 2026 жылы жұмыс берушілер қанша шетелдік қызметкер тарта алатыны нақтыланды.