Жемқорлық бойынша Қазақстан халықаралық рейтингте қай орында?

Қазақстан Transparency International жемқорлықты қабылдау индексінде қай орында тұрғаны белгілі болды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Transparency International «Сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексі» халықаралық рейтингінде 2024 жылы Қазақстанның нәтижелері жақсарған.

«Еліміз 40 ұпай жинап, 180 ел арасында 5 орынға көтерілді (88-орын). Бұл — сыбайлас жемқорлыққа қарсы кешенді шаралардың арқасында қол жеткізілген жаңа тарихи көрсеткіш», — деп жазылған хабарламада.

Әлем бойынша орташа балл — 43, ал Шығыс Еуропа және Орталық Азия аймағында (19 ел) 35 болды.

Қазақстан рейтингі 2016 жылдан бастап айтарлықтай өскен ел ретінде атап өтілді: 11 баллға (29 баллдан) өскен.

«Орталық Азия өңірі елдерінің ішінде Қазақстан ең жоғары позицияны иеленеді және рейтингті жақсартқан жалғыз ел. Индексте Қазақстаннан кейін Үндістан (38), Индонезия (37), Аргентина (37), Сербия (35), Украина (35), Бразилия (34), Таиланд (34), Түркия (34), Беларусь (33), Ресей (22) және т.б. елдер орналасқан», — деп жазылған хабарламада.

Жемқорлықты қабылдау индексі — Қазақстанның рейтингін шығару үшін 9 түрлі ұйымның деректері пайдаланылған композиттік индекс. Рейтинг мемлекеттік сектордағы сыбайлас жемқорлықты қабылдаудың сараптамалық және бизнес бағалауларына негізделген.

Қазақстанда 5 мыңнан астам оқушы жұмыс істеп жүр

Министрдің айтуынша, елімізде еңбек қызметіне рұқсат етілген 14 пен 18 жас аралығындағы жасөспірімдердің саны 1,7 миллионға жетеді.

Елімізде көмірден газ бен дизель отыны өндірілмек 

Қазіргі уақытта елде көмір химиясы саласындағы үш ірі жоба жүзеге асырылуда.

Ұлттық қор, тегін тамақ және жазғы демалыс: Қазақстан балаларына қандай жағдай жасалған? 

Қазақстанда балалар саны 6,9 миллионнан асты. Мемлекет білім беру, әлеуметтік қолдау, қауіпсіздік және денсаулық сақтау бағыттарында жаңа бастамаларды іске асырып жатыр.

Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Балаларды қорғау күнімен құттықтады

Президент биыл «Қазақстан балалары» тұжырымдамасының іске асырыла бастағанын айтып, жас ұрпақты қолдау Әділетті әрі Озық Қазақстанды құру жолындағы негізгі басымдықтардың бірі болып қала беретінін жеткізді.