Қазақстанда ҚҚС төлеуден кімдер босатылмақ?

Вице-премьер, ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин қосылған құн салығының (ҚҚС) жаңа мөлшерлемесін түсіндірді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Үкімет отырысында Жұманғарин ҚҚС мөлшерлемесін 16 пайызға дейін көтеру және саралау бюджеттің құбылмалы мұнай кірісіне тәуелділігін азайтуға, сондай-ақ, Ұлттық қордың жинақ функциясын күшейтуге, басымдығы жоғары мемлекеттік жобаларды қаржыландыруға мүмкіндік беретінін айтты.

Ведомство басшысының сөзінше, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерді ҚҚС-тан босату ұсынылып отыр.

«Қазір шаруа қожалықтары ҚҚС төлемейді. Біз оны сақтаймыз. Заңды тұлғалар, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер бюджетке төлеуге тиісті ҚҚС-тың 30 пайызын төлейді. Енді олар төлемейді. Осылайша, Қазақстанда өндірілген барлық өнім (картоп, қызанақ, пияз, қырыққабат және т.б.) бәсекеге қабілетті болады.

Денсаулық сақтау саласы үшін 10 пайыз төмендетілген мөлшерлеме ұсынамыз. Бұл тағы кімге әсер етеді? Мұны қосымша талқылау қажет. Тағы қандай қызмет түрлері бар — барлық ұсынысты жинаймыз, есептейміз, сарапшылармен және бизнес өкілдерімен бірлесіп шешеміз», — деп түсіндірді Жұманғарин.

Министрдің сөзінше, мөлшерлеме көп болған кезде есепке алу, декларация жасау күрделене түседі.

«Бұған жол бермеу үшін былай ұсынып отырмыз: 16 пайыз, 10 пайыз, 0 пайыз және босату. Бүгінде кәсіпорындардың тек 4 пайызы ҚҚС төлейді. Көптеген компания салықтан жалтарады… Бұл салық жүйесін бұзады және ҚҚС-тың есебіне кедергі келтіреді. Сондықтан есепке қою шегін 80 миллион теңгеден 15 миллион теңгеге дейін төмендету ұсынылады», — деді ол.

Қазақстанда 5 мыңнан астам оқушы жұмыс істеп жүр

Министрдің айтуынша, елімізде еңбек қызметіне рұқсат етілген 14 пен 18 жас аралығындағы жасөспірімдердің саны 1,7 миллионға жетеді.

Елімізде көмірден газ бен дизель отыны өндірілмек 

Қазіргі уақытта елде көмір химиясы саласындағы үш ірі жоба жүзеге асырылуда.

Ұлттық қор, тегін тамақ және жазғы демалыс: Қазақстан балаларына қандай жағдай жасалған? 

Қазақстанда балалар саны 6,9 миллионнан асты. Мемлекет білім беру, әлеуметтік қолдау, қауіпсіздік және денсаулық сақтау бағыттарында жаңа бастамаларды іске асырып жатыр.

Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Балаларды қорғау күнімен құттықтады

Президент биыл «Қазақстан балалары» тұжырымдамасының іске асырыла бастағанын айтып, жас ұрпақты қолдау Әділетті әрі Озық Қазақстанды құру жолындағы негізгі басымдықтардың бірі болып қала беретінін жеткізді.