12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

2024 жылы Қазақстанда қай салалар ең көп несие алды?

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 2024 жылы бизнесті, халықты және жалпы Қазақстан экономикасын несиелеудің қорытындыларын жариялады, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

2024 жылы екінші деңгейдегі банктер барлығы 36,2 трлн теңгеге жаңа кредиттер берді, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 19,5%-ға артық. Бұл ретте, 2024 жылғы желтоқсанда 3,8 трлн теңге берілді, бұл өткен аймен салыстырғанда 10,2%-ға артық.

Бизнес субъектілеріне берілген кредиттер сақталып отырған жоғары пайыздық мөлшерлемелерге қарамастан, 2024 жылы 16,3%-ға 13,1 трлн теңгеге дейін өсті (2024 жылғы желтоқсанда 3,9%-ға өсу). Бизнеске кредиттер портфелі өсімінің негізгі драйвері 46,6%-ға 2,3 трлн теңгеге дейін ұлғайған дара кәсіпкерлерге берілетін кредиттер болып табылады.

ШОБ субъектілеріне қарыздар 2024 жылы 13,1%-ға 6,5 трлн теңгеге дейін өсті (2024 жылғы желтоқсанда 4,9%-ға өсу), ірі бизнеске қарыздар 9,2%-ға 4,4 трлн теңгеге дейін өсті (2024 жылғы желтоқсанда 2,8%-ға өсу).

2024 жылдың қорытындысы бойынша бизнеске кредиттердің өсуі ақпарат және байланыс саласын қоспағанда, экономиканың барлық салаларында байқалады. Өнеркәсіпте кредиттер 31,1%-ға 4,4 трлн теңгеге дейін (2024 жылғы желтоқсанда 7,7%-ға өсу), саудада — 18,9%-ға 3,5 трлн теңгеге дейін (2024 жылғы желтоқсанда 4,4%-ға өсу), құрылыста — 14,5%-ға 0,7 трлн теңгеге дейін (2024 жылғы желтоқсанда 5,5%-ға өсу), көлік саласында 8,9%-ға 0,9 трлн теңгеге дейін (2024 жылғы желтоқсанда 2,6%-ға өсу) және басқа да қызмет көрсету салаларында — 3,7%-ға 3,0 трлн теңгеге дейін өсті (2024 жылғы желтоқсанда 2,6% өсу).

Бұл ретте негізінен ақпарат және байланыс саласында жоспарлы өтеулерге байланысты кредиттік портфельдің 25,1%-ға 0,2 трлн теңгеге дейін төмендеуі байқалды (2024 жылғы желтоқсанда 20,2%-ға өсу).

2024 жылы бизнес субъектілеріне екінші деңгейдегі банктер 18,2 трлн теңге сомаға жаңа қарыздар берді, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 17,2%-ға артық. Бұл ретте 2024 жылғы желтоқсанда 2,1 трлн теңге берілді, бұл өткен аймен салыстырғанда 15,4%-ға артық.

Бизнестің кредиттік өтінімдерін қарау процестерін цифрландыру және оңайлату, сондай-ақ банктердің скорингтік модельдерін жетілдіру жөніндегі банктердің белсенді жұмысының нәтижесінде бизнеске кепілсіз кредит беру үлесінің өсуі байқалады, олардың жаңа кредиттер берудегі деңгейі 2023 жылғы 17,8%-дан 2024 жылы 20,5%-ға дейін өсті.

Халықтың несие алуы азаяр емес

Халыққа берілген кредиттер 2023 жылы 26,7%-ға өсумен салыстырғанда бәсеңсіп, 2024 жылы 23,9%-ға ұлғайып, 20,7 трлн теңгені құрады (2024 жылғы желтоқсанда 1,7%-ға өсу). 

Халыққа берілетін кредиттер құрылымында ипотекалық кредиттер 2024 жылы 14,5%-ға 6,1 трлн теңгеге дейін өсті. Ипотекалық портфельдегі нарықтық бағдарламалардың үлесі 2023 жылмен салыстырғанда 26,6%- дан 30,2%-ға дейін ұлғайды.

2024 жылы тұтынушылық қарыздар 2023 жылғы 34,2%-дан баяулап, 33,5%-ға 13,8 трлн теңгеге дейін өсті (2024 жылғы желтоқсанда 1,9%-ға өсу).

8 наурызда 366 қыз бала дүниеге келген

Жаңа туған нәрестелердің ең көп саны Түркістан облысында тіркелген, онда 126 бала туды.

Елімізде тұрғын үй бағасы қалай өзгерді?

Ұлттық статистика бюросы Қазақстандағы 2025 жылғы ақпандағы баға индексі мен тұрғын үй құны туралы мәліметтерді жариялады.

ҚБТУ-ды мемлекет меншігіне өткізу мәселесін Жоғарғы сот қарайды

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Қазақстан-Британ техникалық университетінің (ҚБТУ) мемлекетке қайтарылуына қатысты пікір білдірді.

Қазақстандықтар жаңа жұмыс кестесіне ауыса алады

Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев Үкімет отырысында өңірлерде мәслихат депутаттары жұмыс кестелерін түзету арқылы жұмыс уақытын оңтайландыру жөніндегі бастаманы қолдағанын мәлімдеді.

Бірыңғай уақыт белдеуі: зерттеу нәтижесі белгілі болды

Үкімет отырысында уақыт белдеуі мәселесіне назар аударылды. Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев бірыңғай уақыт белдеуіне көшу халық денсаулығына қаншалық әсер еткенін анықтауды мақсат еткен мониторинг нәтижелерін баяндады.