Қандай бақбақты жұлуға тыйым салынған?

Үкіметтегі баспасөз мәслихатында Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Нұркен Шәрбиев қазақстандықтарға қандай гүлдерді жұлуға болмайтынын түсіндірді, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, тыйым Қызыл кітапқа енген бақбақ түрлеріне қатысты.

«Қалған бақбақ түрлері Қызыл кітапқа енгізілмеген. Ал Қызыл кітапқа енген барлық өсімдіктерді жұлғаны үшін 3000 АЕК көлемінде айыппұл қарастырылған. Бұлар – жойылып кету қаупі бар сирек өсімдіктер. Сондықтан мұндай қатаң жаза белгіленген. Бұл айыппұл 2019 жылы депутаттардың бастамасымен он есе ұлғайтылды. Қазір оның мөлшері 3000 АЕК-ті құрайды. Бұл сирек кездесетін өсімдіктерді қорғау мақсатында қабылданған шара», – деді вице-министр.

Оның сөзінше, сирек кездесетін бақбақ түрлері еліміздің оңтүстік өңірлерінде жиі ұшырасады.

2029 жылдың соңына дейін Ұлттық қордан 6,5 триллион теңге бөлінеді: қаржы қайда жұмсалады?

Президент әлеуметтік-экономикалық маңызы бар нысандар салуға және оны жаңғыртуға...

Жас ұрпаққа озық әрі мықты Қазақстанды қалдыру – Президент ұлт алдында тұрған стратегиялық міндетті атады

емлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялап жатыр,...

Магистратура мен докторантураға түсуге өтініш қабылдау басталды

Өтініш қабылдау 2026 жылғы 10 қарашаға дейін жалғасады.

Мұнай бағасы құбылып тұр: Қазақстан не ұтады? 

Мұнай инфрақұрылымын қалпына келтіру ұзаққа созылып, әлемдік нарықта баға барреліне 80–90 доллар деңгейінде сақталуы мүмкін.

Конгода Эбола безгегінен қайтыс болғандар саны 50%-ға жуықтады 

Конго Демократиялық Республикасында Эбола вирусын жұқтырғандар саны 10 мыңнан асты. Олардың 4 887-сі қайтыс болған.