Елімізде мемлекеттік сатып алуды өткізу мерзімі бірнеше есе қысқартылды

Қазақстанда 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енген жаңа жеңілдетілген ережелер бойынша мемлекеттік сатып алу туралы алғашқы шарттар жасалды, деп хабарлайды BAQ.KZ Үкіметке сілтеме жасап.

Оларды қабылдау жобаларды, соның ішінде әлеуметтік маңызы бар жобаларды жедел іске қосуға және олардың қымбаттауындағы тәуекелдерді азайтуға мүмкіндік береді. Жеңімпаздар негізінен жергілікті компаниялар болады, бұл аймақтардың бизнесі мен экономикасына қолдау болып саналады. 

Мемлекет басшысы 2024 жылғы 1 шілдеде рәсімдерді оңайлатуға және бюрократиядан арылтуға бағытталған «Мемлекеттік сатып алу туралы» жаңа Заңға қол қойды. Заң шеңберінде мемлекеттік сатып алуды өткізу мерзімдерін барынша қысқартуды қамтитын жаңа Ережелер қабылданды.

Мәселен, конкурс тәсілімен өткізілетін сатып алу бойынша тиісті құжаттаманы талқылау 5 күннен 2 жұмыс күніне дейін, өтінімдерді қабылдау — 15 күннен 5 жұмыс күніне дейін, өтінімдерді қарау және қорытындылау — 10 күннен 3 жұмыс күніне дейін қысқартылды. Осылайша, конкурстар мен аукциондар бойынша жеңімпаз ең көп дегенде 10 жұмыс күні ішінде анықталады.

Алматыда Тоқаевтың төрағалығымен ЖИ дамыту жөніндегі кеңестің екінші отырысы өтті

Мемлекет басшысы жиында сөйлеген сөзінде әлем технологиялық трансформацияның мүлдем жаңа кезеңіне қадам басқанына назар аударды.

Мемлекет басшысы: «Цифрлық теңгені кеңінен қолдану шын мәнінде «ойын ережесін» өзгертеді

Қасым-Жомарт Тоқаев экономиканы цифрландыру заман талабы екенін айтты.

Мегаполистерде баспана бағасы жылдам өсіп жатыр

Наурыз айында өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда жаңа тұрғын үй Астанада 20,7%, Алматыда 20,2%-ға қымбаттаған.

Комадағы науқастарға мүгедектік рәсімдеу жеңілдетіледі 

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі өмірлік қиын жағдайға тап болған азаматтарды қолдау тетіктерін жетілдіру бағытында жаңа өзгерістер ұсынды.

2026 жылы Қазақстанда қанша шетелдік жұмыс істей алады 

Қазақстанда 2026 жылы жұмыс берушілер қанша шетелдік қызметкер тарта алатыны нақтыланды.